Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Тәрбиеге деген менің көзқарасым

Үсенова Салтанат Батырханқызы

Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылы

№148 қазақ орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

  

Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы.

(Б.Момышұлы)

      Әр халық өзінің ұлттық салт – дәстүрі, әдеп – ғұрпы, мәдениетімен асқақ. Бұл  рухани  құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа ғасырлар  бойы жалғасып келеді. Демек, бүгінгі ұрпақ та өз халқының  осы бір рухани  байлығын бәләп, оны  өзінен кейінгілерге үйретіп кетуі керек. Ол үшін бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне аса назар  аударып, жастарды  халықтық әдеп – ибамен сусындатуымыз  қажет.

         Жанұя – адам баласының  алтын діңгегі. Өйткені адам ең  алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтімнен бастап осы жанұяның есігін айқара ашып енеді және  осында өсіп ер жетіп, жанұясының  тәрбиесін алады.  Сондықтан да жанұя – адамзаттың аса қажетті, әрі  қасиетті  алтын мектебі.

         Отбасының  адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер  күшін  өмірдегі басқа ешнәрсенің  күшімен салыстыруға  болмайды. Өйткені  ата – ананың  балаға  деген  тәрбиесінің орнын еш нәрсе  толтыра  алмайды. «Ел болам  десең, бесігіңді  түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маіызын айқындайтындай.

           Менің жанұямда  да  отбасы  мүшелерінің  жас  шамасы әр  түрлі  болғанына қарамастан  біздің  арамызда  бір – біімізбен рухани жақындық, мақсат  ынтымақтастығы  бар  деп  есептеймін.

          Адалдық  пен мейірімділік,  жауапкершілік  пен кешірімділік те біздің  отбасымызда шын  ықылас  пейілменен әрқайсымыздың көкірегімізде жатталып, сақталған.

         Ежелден  қалыптасқан  қазақ  деген  қасиетті  халықтың  дәстүрлі  тағылымына сай  отбасымызда  әуелі  әкеміз,  содан  кейін  анамыз  біздің  жанұялық  мектебіміздің  ұстаздары.

       Ата – анамыз  бізге  әрдайым: әуелі  бізді өздерін сыйлап – құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық  танытуды, ешкімді  мұқатпауды  үйретіп, «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз  болма»  деген  сөздерді құлағымызға  құйып, бала тәрбиесіне үнемі мән беріп отырады. Сонымен  қатар,  бізге ер – азамат болып  тәрбиесіне  үнемі  мән  беріп  отырады.  Сонымен  қатар,  бізге  ер – азамат болып, халқымызға еңбек  ету  керек  екенімізді  басты  міндеттерін  деп  айтып  отырады.

       ХІХ  ғасырда өмір  сүрген  Абайдың  ұстазы Дулат  Бабатайұлы  өз  жырларында  жас  жеткіншектердің  тәрбиесінде  ата – ана  мен  үлкендер  өнегесінің   ерекшеорын  алатындығын  өте  жақсы  көрсете  білген.

Ата – ананың ақылы

Қазылған  қара  жолмен  тең.

Жақсылардың  ақылы

Гаухар  шырақ  шаммен  тең.

    

         Ақын  бұл  жерде  ата -  ананың, өнегесі   көпті  көрген  даналардың  сөздері  бала  тәрбиелеуде  таптырмайтын   құрал екендігін  баса  көрсеткен.  Кейде  ата – ана, отбасы  тәрбиесі  жайлы  ойлап,  толғанғанда  өзім  өнеге  алған  ұстаздарымызды  еске  түсіріп  ойға  бататыным  бар,  бірақ  соның  ішінде  көз  алдыма  ең  алдымен  әжем  елестейді.

         Мен  үшін  сол  кісінің  уағызы  басымырақ бола  береді.  Өйткені есейе  келе  көрген  ұстаздарым   талай – талай талғамға    бой   ұрғызғанымен, солардың  бірде бірі  нақ  өзімнің  әжемдей, әке – шешем  мен  ауылдың    қадірлі  ақсақалдарындай  өсиет  айдынына  жүздері  алған  жоқ.

          Адамды  тәрбие  ететін  мектептің  бірі  - еңбек.  Еңбексіз  адамның  бұл  өмірде  өмір  сүре  алмайтыны  белгілі. Адам  қоғамдағы  өз  орнын  еңбек  ету  арқылы  таба  алатынын   түсінген  ата -  анам  бізді  әлі  күнге  дейін  еңбекке  баулып  отырады.

          Үйдегі  ер  бала  тәрбиесін  әкем  өз  міндетіне  алған.  Сондықтан  әкем  өз  балаларын  мал  бағып,  отын шабуға  үйретіп,  аң  аулап, өнерлі  болуға баулыған.

         Ал,  қыз  балалардың  тәрбиесін  анам   өз жауапкершілігіне алған. Анам  бізге үй  сыпырып, төсек  жинау, ас  пісіріп,  шай құюды  үйреткен. Сонымен бірге  кесте  тігу, өрнек тоқу, ою –өрнек жасау сияқты  отбасының  ішкі  жұмысын  үйреткен.

         Бүгінгі  қыз  ертеңгі ана.  Ал, ана – бала тәрбиешісі. Олай болса, бүгінгі әрбір  балғын  қыз  ертеңгі тәрбиеші бола  алатындай  етіп  тәрбиеленуге  тиіс.

         Жақсы  бала – ата – ананың   аңсаған  қуанышы  деп  ойлаймын. Өйткені  менің  ата – анам менің,   бауырларымның   қуантарлық   істеріне   куә  болған  уақытта  ол  кісілердің  төбесі  көкке  жеткендей болатынына  талай  рет  куә  болғам.  Ата – ананың сөзін  сыйлап, оларға  құлақ  асу,  пікірлес  болу – отбасы тіршілігінің  бір  ғанибеті деп білем. Сол арқылы  бала  ата – анасының мерейін  өсіріп,  оларды   өз   ортасындағы  төрге   шығарады.

         Бұны  әрбір  жан  адамдық  міндеті  деп  білуі керек.  Ата – ананың  сөзін  құлаққа  ілмеген,  олардың  төрдегі  басын  есікке  сүйреген  баланы  халық  жетесіз   деген.  Ұл – қыз  ата – анасын   қуанышқа  бөлеп,  бақытқа  жеткізуі   үшін  әдепті   болуы  керек  сонымен   қатар  өзін  әлпештеп  өсірген  ата – анасын   дәл  солай  әлпештеп  аялауы  қажет  деп  есептеймін.

           Ұстаз  болу, шәкірт  тәрбиелеу – ұлы  міндет. Осы  зор  міндетті  абыроймен  атқаруды  өзімнің  парызым   санаймын.  Ал  мен  тәрбиелеп  жатқан  шәкірттер  осы  еңбекті  жемісті  етіп,  жоғарғы  шыңнан  жарқырата  көрсетуді  өз  міндеттері   деп  біледі.

            Ұстаз  шәкіртін біліммен,  тәрбиемен   қоректендірсе,   шәкірт ұстазын  өзіне  дарыған  осы  білімімен,тәрбиесімен  сүйіндіреді.  Шәкірттерімнің  өмірге  деген  көзқарасы   менің   берген  бағыт – бағдарыммен  қалыптасатынына  мән   беремін.  Тіпті  кейде  өзімнің оқушыларыма  ата – аналарынан  да  жақын  екенімді  сеземін.  Бұдан  өзімде  ұстазға  тән  балажандылық  қасиеттің  бар  ар  екенін  де  байқаймын. Балаларымның   бойындағы   барлық  қасиеттерді  анықтап  оны  дамытуға  өз  әлімнің келгенінше  күш  салудамын.  Шәкірттерімнің  талантын  осылайша  аша  аламын  деп  ойлаймын. 

        Бала  тәрбиесіне  ата – анасынан  кейінгі  жауапты  адам  өзім деп  білем. Ұстаз  болу – балаларымның   болашақ   өмірінің  кілтін  қолға  алу  екендігін  тереңнен  ойлап  түсінемін.  Яғни  оларды  өмірге  дайындау,  жақсыға  жақын  етіп, жаманнан  алыстату,  шындықты  ұғындыру – менің  міндетім.

       Қоғамға  пайдалы  жеке  тұлғаларды  әкелу  ұстазға  байланысты  екенін  білем. Оқушыларымның  мектеп  қабырғасынан  білім,  тәрбие  алып  шығуы бұл  менің  еңбегімнің  жемісі мен  бұл  жолда  сол  үшін  де  аянбай  еңбек  етемін.

       Бала тәрбиесінде  отбасының  яғни  ата – ананың   ролі  бірінші  орында  тұрары  сөзсіз. Өзім  отбасы  ережесінің  төмендегідей  болғанын  дұрыс  деп  есептеймін.

Үйде  әдейі  уақыт  бөліп,  баланың  тілін  дамытып, ой  өрісін  жетілдіру  үшін  жаңылтпаш,  санамақ,  мақал – мәтелдер, жұмбақтар  айтқызып, ертегі,  әңгімелер беру.

Үйде  бесік  жыры, бесікке  салу,  тұсаукесу  тойы,  сүндетке  отырғызу  тойларын  дағдыға  айналдыру.

Ұл тәрбиесіне,  қыз  тәрбиесіне  айрықша  мән  беру.

Баланың  көзінше  біреуді  кінәлап,  айыптамау.

Тума – туыс, құда – жекжат, көрші  қолаңның  жақсы  қасиеттерін  үлгі  қылып, балаға  айтып   отыру.

 Адамның үш  жұрты  болатынын, оларды  құрметтеуге,  туыстық  сезімдерін  дағдыландыруға  тәрбиелеу.

Баланы   көршімен  сыйластыққа,  адамгершілікке,  парасаттылыққа  тәрбиелеу.

Балалардың  кішісі  үлкенін  тыңдап,  айтқанын  орындауға  тәрбиелеу. 

Балаларды  үй  шаруашылығының  барлық   түрін  меңгеруге  үйрету.

Қонақты  қарсы  алу,  шығарып  салу,  жол – жоралғы  жасау  рәсімдерін  үйрету.

Ата – бабамыздан   келе жатқан   әдет – ғұрыптарды отбасында  қалыптастыру.

Отбасының  толық   болуын, яғни  ата – әжесімен, әке – шешесімен тату – тәтті  бір  үйде  тұру  қағидасын  балаға  үлгі – өнегесімен  қалыптастыру.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз