Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Математика сабағында оқушылардың танымдық іс-әрекетін көтерудегі басты тәсіл - өзіндік жұмыс

Смадиярова Айымкүл Танақызы

Қызылорда қаласы № 222 Т.Рысқұлов атындағы мектептің

математика пәнінің мұғалімі

 

  

 

Қазіргі   ғылым мен техниканың дамыған  заманында  оқушылардың  білім  деңгейін тереңдету,ақпараттық құралдарды  іздестіру  және оны пайдалана  білу мақсатында жаңа  технология  әдістерін тиімді пайдалану -  ұстаз  шеберлігінің  белгісі.  Әрбір  сабақ  мұғалімнің  шығармашылық  жұмысы.   Қазіргі  таңда қоғамды  дамыту  үшін  орта мектептің алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі- оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын  оятып, шығармашылық  қабілетін ашып, болашаққа  дайын қабілетті  жеке  тұлғалы  азамат  тәрбиелеу.    Сондықтан, математиканы  оқытуда оқушыларға  оқу  материалын есте сақтауға емес, сол материалды шығармашылықпен қолдану  шеберлігін қалыптастыруға  көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында  әлі  шешілмеген проблемалар  аз емес. Солардың  бірі оқушылардың логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға  деген құмарлықтарын арттыру. Сондықтан  логикалық есептерді көбірек  шығару керек.

Логикалық  есептерді шешу – біздің ақыл-ой қиялымызды, ұшқырлығымызды  дамытады. Сабақ соңында әр сабақ қызықты  есептермен аяқталып, логикалық   есептер   оқушылардың жас  ерекшеліктеріне  қарай  күрделене  береді. Сабақтың  тиімділігін  арттыру және  оқушылардың  математика  пәніне  қызығушылығын   тудырудың  жолдарының  бірі- сабақ барысында  оқушылардың  алған  білімін баяндауға ынталылығын  арттыру. Математика  туралы қызықты  материалдар, әртүрлі   қызықты  есептер,ойындар  сабақ  үстінде  өзінің  орынын табады. Оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын алаңдатудың  негізі- мұғалімнің  білімділігі мен пәнге  деген  қызығушылығы және психологиялық  проблемаларына дұрыс бағдар  беру  болып табылады.    Оқушылардың   танымдық  іс-әрекетінің  бірі- өзіндік  жұмыс.     Оқушылардың  өз  бетінше ізденуі арқылы білімін  көтеруі, біліктілікке талпынуы, ептілікке дағдылануы  оқу процесінде  белсенділігін арттырудың   бір  жолы болып  табылады. Өзіндік  жұмыс- оқушының   ойлау  қабілетінің,  ақыл-ой және   іс-тәжірибесінен туындайтын  оқу, тану әрекеті.   Шығармашылық  өзіндік жұмыстар оқушылардың математика  пәніне деген ынтасын қалыптастырады, оқуға деген  көзқарасын өзгертеді,  математикалық  ой – өрісін дамытады.    Оқушылардың  ой белсенділігін, қабілетін дамыту,жұмыс істеуге үйрету тәрізді  міндеттерді  бір ғана  сабақ  процесі  арқылы орындау  мүмкін  емес.   Ол үшін оқушылардың  өздігінен  істейтін  жұмыстарына  көп көңіл  бөлу  керек.  Оқушылар  білімді  сабақ  үстінде  алу  керек  . Егер  олар  сабақ  үстінде тек  тыңдаушы  ғана  болса,бұл  міндет жүзеге  аспай  қалады, яғни  сабақ  үстінде  оқушылардың  өз  бетімен  істейтін  жұмысына  белгілі бір  уақыт  берілуі  тиіс.  Сынып  жоғарлаған  сайын  сабақта оқушылардың  бұл  жұмысына  берілетін  уақытта артуы  тиіс.   Математикада  есептер  мен жаттығулардың  қызықты  болуы, оқушылардың өз  бетімен  ойлауы,  өздігінен қорытынды  жасай  алуы,  өзінің  алған  білімін  өмірде қолдана  білуі пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады. Өзіндік  жұмыстарды  сабақ  барысында  немесе  сабақтан  тыс жүргізуге де болады. Өзіндік  жұмыстың  тиімділігі  оқушыны  өз бетімен ой қорытуға, есте  сақтауға, жинақылыққа,  іскерлікті  қалыптастыруға  тәрбиелейді.Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  тақырып немесе  тарау  бойынша  деңгейлеп,  саралап таңдап  жасай  білу  - ол  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.

Өзіндік  жұмысты  үш  түрге  бөлуге  болады:

Сабақ  барысында  бағдарламада  бар  материалдармен  жұмыс  жасау;

Сабақтан  тыс  уақытта  бағдарламада  бар  материалдармен  жұмыс  жасау;

Сабақтан  тыс  уақытта бағдарламада  жоқ  материалдармен  жұмыс  жасау;

Өзіндік  жұмыстар белгілі   бір  уақыт  аралығында   беріліп,  жинап  алынады. Өзіндік  жұмыстың тағы  бір  түрі  - математикалық  диктант, таратпа  материалдар.т.б  , бұл екі  жағдайдада  оқушылар дың  өз  бетімен  жұмыс  жасауына   мәжбүр етеді.  Оқушылардың  өз  бетімен жұмыс  жасау – олардың өзін-өзі  тексерумен  ұштастырылған  өзіндік  жұмыстар  және  оқушылардың  тапсырмаларды   өз  бетімен орындай  білуін  жетілдіруіне  үй  тапсырмасын  орындаудың да маңызы зор.

Үй тапсырмасының көлемі мен  қиындығы оқушының  шамасына  қарай, олар  меңгере  алатындай  болу  керек. Оқушының  үй  тапсырмасын өзі  орындағанын тексеру  үшін  үй  тапсырмасына  ұқсас  жаттығу  есептерін беру  арқылы өзіндік жұмыстар жүргізген жөн. Сонда оқушы білімін тексерген кезде, ол барлық ойын материалды игеруге жұмсайды. Оқушылар өздерінің үлгермеген, толық  меңгермеген тұстарын іздене отырып, қателерін түзеуге тырысады. Бұл оқушының ойындағысын ауызша және  жазбаша жеткізуге  жетелейді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз