Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жасөспірімдер қылмысқа ұрынбасын десек...

«Тұран-Астана» Университеті «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
 

Дөңгелек үстел жұмыс барысында белгілі ғалым-заңгерлер: з.ғ.д., профессор Скаков А.Б., з.ғ.д., профессор Ахпанов А.Н., з.ғ.д., профессор Биекенов Н.А., з.ғ.к., доцент Аккулев А.Ш., з.ғ.к., доцент Айкимбаев А.К., сонымен қатар, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, Астана қаласы мектептерінің өкілдері, магистранттар мен студенттер  қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы з.ғ.к., профессор Иманбаев С.М. болды.

Дөңгелек үстелде «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Барсукова Р.А. «Кәмелетке толмағандардың заңға қатынасы» тақырыбында; з.ғ.к., доцент Егизбаев Н.У. «Кәмелетке толмағандар қылмыс жасауға әсер ететін себептер мен жағдайлар» тақырыбында; құқық магистрі, әділет капитаны Бейсатова А.Ж.: «Қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдірудің кейбір мәселелері» тақырыбында баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел жұмысына талқылауға шықырылған қонақтардың барлығы, сонымен қатар, «Қылмыстық-құқықтық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы, Астана қаласы мектептерінің өкілдері, магистранттар мен студенттер атсалысты.

Шара қорытындысы бойынша әзірлеуге және қабылдауға мынадай ұсыныстар айтылды:

- «Жастар туралы» Заң;

- «Жастардың бос уақытын ұйымдастыру Бағдарламасы (тегін спорттық және пәндік секциялар құру, орта мектеп аясында мамандық меңгеру)»;

- «Жастарды жұмысқа орналастыру Бағдарламасы»;

- «Жастардың салауатты өмір салтын дамыту Бағдарламасы»;

- «Жастарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жүйесін дамыту».

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз