Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Білім берудің заманауи технологиялары бойынша екі күндік семинар өткізілді

Қаңтар айының 9 және 10 күндері Қарағанды облысы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ   мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша екі күндік семинар өткізілді.
  

Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты педагогтарды бүгінгі білім беруде пайдаланылатын  интеренет-сервистермен таныстыру еді:  Google-нің барлық тиімді құралдары: Google +, іздеу, карталар, күнтізбек, Google Disc, пошта, аудармашы, блоггер, презентация, контактілер, Youtube, Hangouts;  Wikipedia, Tedx және басқалар. Сонымен қатар тыңдаушылар    барлық жастағы балаларды үш тілде  (қазақ, орыс және ағылшын) оқытуға  арналған 18 000 астам сабақ салынған bilimland.kz  білім беру  платформасымен танысуға мүмкіндік алды. 

Семинар тренерлері Bilimland платформасының  мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де қаншалықты тиімді екені көрсетті.   Ұсынылған әдістемелердің әр алуандығы мұғалімге оқыту үдерісін едәуір қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқушылардың оқуға деген ынталарын арттыруға ықпалдасады. Бұл контентің  оқу модульдерінде  иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интерактивті тапсырмалар.

Семинарға  97 тыңдаушы қатысты: Ақтоғай ауданының түкпір-тікпірінен келген мұғалімдер және  «Альянс» Ресурстық орталығы» атты инновациялық пилотты жоба болып табылатын айрықша білім беру мекемесі   Шашубай кентінің  «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ   педагогтері.

               Семинарда ресурстардың алуан түрлілігі мен оларды қолданудың қарапайымдылығы тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мұғалімдер өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптарды  Нартай Әшім және Сәрсенова Татьяна сынды (Bilim Media Group компаниясының өкілдері) кәсіби тренерлерден алды.

               Ұйымдастырушылардың пікірінше, кездесу  жемісті өтті, Шашубай кенті орта мектебінің оқытушылар құрамы, олардың оқытудығы инновациялық технологияларды қолдануға деген терең қызығушылығы мен жоғары кәсібилігі тренерлердің де көңілдерінен шықты.    Осындай тренингтен кейін біздің пайдаланушылар  порталымыздың ресурстарын максималды түрде қолданады деген үміттеміз және мұндай кездесулер практикасы әрі қарай өз жалғасын табады деп сенеміз.

 

Татьяна Сарсенова

 Біз, Шашубай кентінің мұғалімдері, «BMG» контентін құрастыру Департаментінің директоры Сәрсенова Татьяна Альбертовна мен басқарушы директор Нартай Әшіммен жоғары кәсіби деңгейде өткізілген BilimMediaGroup қызықты оқыту тренингтері үшін алғысымызды білдіреміз.  

Бүгінгі таңда мектептегі оқыту үдерісін компьютер мен Интернет ресурстарының көмегімен ұйымдастыру - оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін тиімді қалыптастыруға ықпалдасатыны сөзсіз.  Өткізілген семинар педагогтерге инновациялық өзгерістер мен  заманауи талаптардың аясында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру жұмыстарын өзгертуге зор мүмкіндік берді.

Семинар жұмысының ең негізгі басымдылығы - оқушылардың базалық ғылымдар бойынша білімдерін терең меңгеруіне  ықпалдасатын   интербелсенді технологияларды қолдану.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз