Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Республикалық «ҮЗДІК САБАҚ- ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ» байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

         «Үздік сабақ- озат тәжірибе» байқауының ұйымдастырушысы - «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ»

Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын насихаттау мақсатында республика бойынша  жаңартылған білім беру бағдарламасымен біліктілігін арттырған мұғалімдер арасында қысқа мерзімді жоспарының (ҚМЖ) толық нұсқалары бойынша қашықтықтан республикалық байқауы  өткізіледі. 

Байқауға қатысушылар төмендегі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту     

-таным         

-әлеуметтік орта

-коммуникация

-шығармашылық

-танымдық іс-шара                                                                                   

Бастауыш сыныптар бойынша: 

-сауат ашу

-математика

-дүниетану

-жаратылыстану

Негізгі және жалпы орта білім беру                                                                                               

-қазақ тілі және әдебиеті

-орыс тілі және орыс әдебиеті

-шетел тілі (ағылшын)

-тарих

-математика

-физика

-информатика

-география

-биология және химия

-көркем еңбек  

-өзін-өзі тану  пәндерінен сабақтың қысқа мерзімді жоспарының (ҚМЖ) толық нұсқасын өткізулері тиіс.

             Байқау мұғалімдердің тың ізденістерін, жаңа технологиялар мен  практикалық дағдыларын күнделікті сабақта қолданысқа енгізу жолдарын бақылай отырып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

  1. Байқауды өткізу  номинациялары:

 

1.1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша 

Үздік танымдық сабақ

Үздік шығармашылық сабақ

Үздік әлеуметтік сабақ

Үздік коммуникациялық сабақ

Үздік танымдық іс-шара

  1.2. Бастауыш білім беру       

Сауат ашу пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Математика пәні бойынша  ең үздік ҚМЖ

Дүниетау пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Жаратылыстану пәні бойынша ең үздік  ҚМЖ

 1.3. Арнаулы орта білім беру    

 Қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Орыс тілі және орыс әдебиеті пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Шетел тілі (ағылшын) пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Тарих пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Математика пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Физика пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Информатика пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

География пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Биология және химия пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Көркем еңбек   пәні бойынша ең үздік ҚМЖ

Өзін-өзі тану    пәні бойынша ең үздік ҚМЖ                                                                                                

 

2.Байқау мақсаттары:

2.1.       Жанашыл мұғалімдерді анықтау және олардың жұмысын насихаттау, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;

2.2.      Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан кәсіби дамуын насихаттау.

2.3.     Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

 

3.Байқау міндеттері:

3.1. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;

3.2. Қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсатына сай жоспарлай білу;

3.3. Білікті педагогтардың ең озық  қысқа мерзімді жоспарды  анықтау және тәжірибесін БАҚ та тарату және насихаттау

 

 

 

4.Байқауға қатысушылар:

Байқауға Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.

 

5. Байқау шарттары:

 

5.1. Байқауға қатысу үшін Байқау шарттарымен танысыңыз;

5.2. Жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізіп, сабақ жоспарының (ҚМЖ) конспектісінің толық нұсқасын  электронды түрде жолдаңыз;

5.3. Әр қатысушыдан тек қана бір жұмыс қабылданады, екі немесе одан коп жұмыс жіберген жағдайда әрқайсысына бөлек төлем төленеді;

5.4. Байқау жұмыстарын және өзіңіз жайлы ақпаратты (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, пәні, ашық сабақ тақырыбы, жұмыс өтілі, телефоны, электрондық поштасы) martebe2000@mail.ru электронды поштаға жіберіңіз. Қосымша №1 кестедегі сауалнама-сұранысты толтырып қосып жіберуіңіз керек.

5.5. Қатысушы педагогтардың жіберген жұмыстары арнайы жинақ ретінде баспадан жарық көреді.

6. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

6.1. Байқау қатысушылары  қысқа мерзімді жоспарда келесі талаптарды сақтау қажет:

6.2. Сабақ мақсаттары - сабақтың мақсаты оқу мақсаттарымен келісілген                             - сабақ мақсаттары пәннің ерекшелігіне бағдарланған - сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырылған.

6.3. Белсенді оқу әдістері - әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған - әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді - әдістер оқушыларды оқуға тартуға бағытталған.

6.4. Саралау әдістері - тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған - саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған (тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.) - саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды.

6.5. Критериалды бағалау - бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді                                 - қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды - бағалау критерийлері қолданылады.  

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласыңыз:                           8 (747)510 50 09 (WhatsApp), 8(771) 821 46 57

Қысқа мерзімді жоспар үлгісі

Пән:

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақ мақсаттары:

Сабақ мақсаттарын анықтап алыңыз.

Бағалау критерийлері:

Осы сабақта қарастырылатын оқу мақсаттарын бағалаудың критерийлерін көрсетіңіз.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Құндылықтарды дарыту:

Осы сабақта балалардың бойына сіңіруге арналған кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз.

Пәнаралық байланыстар:

Ықтимал пәнараық байланысты әріптесіңізбен талқылаңыз немесе дереккөздерге жүгініңіз.

АҚТ қолдану дағдылары:

Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз.

Бастапқы білім:

Оқушылар бастапқыда нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақтың ортасы



Сабақтың соңы



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдар мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысыныда үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.

Денсаулық сақтау технологиялары, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттері осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  қандай ақпарат білдім?

1.

2.







 

 

7. Барлық жұмыстар бекітілген критерийлер  бойынша бағаланады 

 

7.3. Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысында ұсынылатын әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы, тиімділігі және әртүрлілігі;

7.4. Көркемдік және техникалық тұрғыдағы жұмыс сапасының жоғары болуы;

7.5. Оқыту барысында және оқушылар білімінің нәтижесіне әсер ету тұрғысынан жаңа технологияларды қолданудың негізділігі және әртүрлілігі.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлары

Сабақ мақсаттары

сабақ мақсаты оқу мақсаттармен келісілген  -  1 балл

сабақ мақсаттары пәннің ерекшелігіне бағдарланған  - 2 балл

- сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырылған - 3 балл

Белсенді оқу әдістері

әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған - 1 балл

әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді - 2 балл

әдістер оқушыларды оқуға тартуға бағытталған - 3 балл

Саралау әдістері

тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған - 1 балл

саралаудың әр түрлі тәсілдері жоспарланған (тапсырмалар, дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.) - 2 балл

саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды - 3 балл

Критериалды бағалау

бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді -  1 балл

қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды  - 2 балл

бағалау критерийлері қолданылады  - 3 балл                             

            Барлық жұмыстар тексеріледі және бекітілген критерийлерге сәйкес бағалау ұпайлары қойылады.

Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат Республикалық «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» журналына жарияланады.  http://izdeniszholy.kz/ сайтында барлық жұмыстар енгізіледі және  ақпараттандырылады.

           Ұйымдастыру жарнасы   4000  (төрт мың) теңге.

8. Байқауды өткізу мерзімі және жеңімпаздарды анықтау:

Байқауда 2017 жылдың қазан мен 25 қараша  аралығында жіберілген жұмыстар қарастырылады. (25 қараша — байқау жұмыстарын қабылдаудың соңғы күні).

9. Байқау нәтижелері:

9.1. Байқау нәтижесін шығару жұмыстарын қазылар алқасы 2017 жылдың  26  қарашасынан бастап 30 қарашаға дейін жүргізеді.

10. Марапаттау:

10.1. Байқаудың барлық қатысушыларына «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналының дипломы және жинақ беріледі. Ережеге сәйкес арнайы орындар тағайындалады.

Байқау жеңімпаздары Диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін төлем жасауға арналған банк реквизиттері:

ИИН: 940107300423

4402 5735 6501 1212 (Народный Банк Казахстана)

Ескерту! Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін martebe2000@mail.ru почтасына жіберуі керек.

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

Сауалнама-сұраныс 

 

1

Тегі, есімі, әкесінің есімі

 

2

Қызметі (пәні)

 

3

Қызмет орнының толық атауы

 

4

Мекен-жайы (индекспен)

 

5

Сабақ атауы (тақырыбы)

 

6

Байланыс телефондары, эл.почтасы

 

7

Байқау номинациясы

 

8

Төлем түбіртегінің көшірмесі

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз