Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

БӘСЕКЕДЕ ТОП ЖАРДЫ



 

         Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша С.Торайғыров шығармашылығы «Жыл кітабы» ретінде таңдалынып, ақынның 125 жылдығы ерекше мерекеге айналған болатын. Осы орайда,  Қызылорда қаласында 24-  қазан күні А.Байтұрсынов атындағы №211 мектепте «Сұлтанмахмұт мұрасы: тарихы мен тағлымы» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында қалалық конференция болып өтті. Конференцияға қаладағы мектептерден 21 оқушы қатысты. Конференцияда негізгі 3 бағыт бойынша (1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және С.Торайғыровтың әдеби мұрасы; 2. С.Торайғыровтың әлеуметтік-философиялық көзқарасы; 3. С.Торайғыров  шығармаларының тілі) оқушылардың жұмысын қабылдады. Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен бастау алған конференция 9-10  сынып оқушыларының баяндамаларын таныстырумен жалғасын тапты. Баяндама оқу барысында әрбір оқушының өзін-өзі ұстауына, регламенттен аспауына, тақырыптың ашылуы, оқушының жеке талдауы мен пікіріне баса назар аударылды. Оқылған баяндамадан соң әр оқушыға жеке сұрақтар қойылып, ізденушінің қолданылған әдебиеттерінен жаңа деректер сұралды. Байқау барысында осылайша көзге түсіп, тыңғылықты дайындықпен келген оқушылар сарапшылардың сынынан сүрінбей өте алды. 9-сыныптар арасында оқылған баяндамалардан А.Нағашыбай №264 мектеп-лицейінің оқушысы І орынды, А.Ерсадыққызы №267 орта мектеп, А.Жәнібек №257 орта мектептің оқушылары ІІ орынды,  Н.Қожахметова №172 орта мектеп, Ұ.Алтынбекқызы №101 орта мектеп,  Ж.Тынысбек №217 орта мектеп ІІІ орынды өзара бөлісіп алды. Ал, 10-сыныптар арасындағы бәйгеде Ә.Нұртілесова №211 орта мектеп Іорынды, Г.Абай №138 орта мектеп, К.Жылкелдиева №136 мектеп-лицейі ІІ орынды, Ж.Сәрсенбаева №9 мектеп-гимназия, А.Қордабас №143 орта мектеп, Д.Амирова №6 орта мектептің оқушылары ІІІ орын  иеленді.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»болып оза шыққан оқушылар дипломдармен, белсенділік танытып көзге түскен оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Конференция соңында қалалық білім бөлімінен келген Р.Мұқашова, мектеп директоры Ә.Көшкінбаева сөз алып, оқушыларды марапаттарымен құттықтап, білім жолындағы бәсекеге сәттілік тіледі!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз