Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

«ORDA-JUNIOR - 2017» Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың ІІ облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

  • Мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы (бұдан әрі – Байқау) – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласының аясында өткізілетін облыстық шара.

Мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Жастардың  ғылымға деген ынтасын арттыру;

Дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау;

Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру;

Облыстық байқауды ұйымдастырушылар:

«Эрудит» - интеллектуалды білім порталы;

«Ізденіс жолы» қоғамдық қоры.

2. Байқауға қатысушылар

2.1 Байқауға  Қызылорда облысы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. 3-11 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

3. Байқауды өткізу тәртібі

3.1 Байқау 2 кезеңнен тұрады:

- Облыстық сырттай іріктеу;

- Облыстық байқау;

3.2 Байқау аясында белгіленген шаралар Күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізіледі (№1 қосымша)

3.3 Облыстық байқауға ұсынылған жобаларды бағалау үшін ұйымдастырушылар Байқау комиссиясын құрады;

Байқау комиссиясы:

-Жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралады;

-Мүшелерінің құрамы және саны ұйымдастырушылармен анықталады;

3.4.  Облыстық байқауға қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген бағыттар аясында ұсынылады. Байқауға (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.

3.5.Облыстық байқауға қатысушы үміткерлер өз жұмыстарын қорғау мақсатында  баяндама жасайды. Баяндама уақыты – 7-10 минут. Баяндама барысында электронды материалдарды, көрнекі құралдарды қолдануға болады.

3.6. Байқауға ұсынылған жобалар кері қайтарылмайды.

3.7.  Облыстық байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

3.8.  Облыстық байқау кезеңінде сырттай іріктеу кезеңінде сарапталған үздік жобалардың тезистері арнайы жинаққа енгізіліп, басылады. Үздік жобалардың нәтижелері ғылыми басылымдарға ұсынылады.

4. Байқаудың бағыттары:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар 5 бағыттан, 17 секциядан тұрады:

І  Бағыты  «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар:
Физика
Техника
Жер және Космос туралы ғылымдар

ІІ Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар:
Математика
Қолданбалы математика
Информатика
Экономика

ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»
Секциялар:
Химия
Биология
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

ІV Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық тұлға негізі»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану

V Бағыты:Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері

Секциялар:
Тілтану / Языкознание
Әдебиет / Литература

Ағылшын/ Англиский язык

5. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

5.1.  Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

       Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).

- зерттеу күнделігі.

5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).

 

5.4. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

Кіріспе;

1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);

2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);

3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);

Қорытынды;

Әдебиеттер тізімі;

Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

5.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

Мәтін компьютерде терілу керек.

Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см.

әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль;

абзац болу керек;

жол арақашықтығы- бірқатарлы;

кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы  майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;

Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

-      автордың тегі, аты- жөні,

      -      мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

      -      журнал және кітап атауы

      -      шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

      -      шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

зерттеу объектісі, заты

гипотезасы

зерттеу кезеңдері , процедурасы;

эксперимент әдісі;

зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

жұмыс нәтижелері және қорытынды;

нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

 

5.8. Жетекшінің пікірі.

          Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

 

5.9.  Қосымша байланыстар

Байқау жұмысын үйлестіруші мамандар: Жадыраханым Тәжекеева  8771 821 46 57; (Whats app)8747 510 50 09

                                                                              

Қызылорда қаласы, Байсеитова көшесі 100. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы, 6 кабинет

 Байқау жұмыстары  martebe2000@mail.ru эл.почтасына қабылданады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз