Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында өткізілген іс-шаралар

 

 

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасын «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры»  табысты жүзеге асырды. Жоба аясында аймағымызда 15 тен астам ҰОС, тыл, жалғыз басты ардегерлердің үйіне қол көмектер көрсетілді. Еріктілер ардагерлердің жаздың күндер, бау-бақшасын аударып, қыстың күні  аулаларын қардан тазартты. «Балалар біздің болашағымыз!» еріктілер тобы 20 үйден  оқытылатын оқушылардың үйінде болып қызықты уақыттар өткізді. «Мейірімді жүрек» қайырымдылық концертін өткізіп, «Атамекен» балалар ауылында да қызықты ойындар концерттер, балалар арасында патриоттық өнер байқаулары өткізілді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Алаш алыптары» ұлықтау мақсатында танымдық конференция өткізілді. Конференцияға ҚМУ ғылыми қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, студенттер қатысты.

«Атамекен» балалар ауылының тұрғындарына арналған «Жүректен-жүрекке» атты концерттік бағдарламасы. Концертте Сырдың  жас өнерпаздары ән салып қызықты кеш өткізді. Мақсат бүлдіршіндермен көңілді уақыттар өткізу.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішевпен қала жастарының кездесуі. Сайлаубай Әбішов "Нұр Отан" партиясында түрлі басшылық қызметтерде болып әрі ҚР Президенті сайлауларында Н.Ә. Назарбаевтың штабында белсенді қызмет атқарған. Кездесуде Сайлаубай Әбішов Елбасымыздың елге атқарған еңбектеріне тоқталып әрі жастарға Елбасы өмірінен үлгі алуға шақырды.

«Ардагерлер ардақтайық» еріктілер тобы қарт майдангерлер Мақсұт Сырғалиев, Төлеген Жүнісов, Мұсаұлы Дүйсенбай  үйінде болып қол көмектер көрсетіп, ақ баталарын алды.

Жоба аясындағы «Таза тіл» еріктілер тобы облыс орталығындағы 17 сауда нысанына «ҚР Тіл туралы» заңы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз