Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Педагог мәртебесін көтеру-заман талабы

Бүгінгі  таңда  қалыптасқан  еңбек  нарығы  білімді,  шығармашылық  деңгейі  жоғары,  әрекеттің  сан  түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына  қойылатын  талаптарға  өз  әсерін  тигізуде.  Осы  орайда  жоғары  оқу  орындарының  үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс. Себебі қоғам өзінің  әлеуметтік-экономикалық  және  рухани   дамуының  мазмұны  мен  өзгеруіне  және  еңбек  сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Осыған  орай  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында былай деген: «Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып, келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдауы қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс». Орта мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде берілетін тәрбие мен білімге аса мән беріліп, педагог мамандардың кәсіби біліктілігін, олардың өз ісіне жауапкершілігін арттыру көзделген. Бұл міндетті орындауда Қазақстан  Республикасының  білім  беру жүйесінде тәжірибесі мол, бәсекеге қабілетті халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын, қазақ қыздарының парасат  мектебі – Қыздар мемлекеттік қыздар педагогикалық  университетінің үлесі зор деп есептеймін.

Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты  жандандыру,  ел  өмірінің  барлық  жақтарын  жаңарту  бала  тәрбиесінің  мәнімен  оның  проблемаларын күрделендіріп отыр. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның  әлеуметтік-экономикалық   міндеттері  заманына  сай  өзгерістерге ұшырап,  өскелең  ұрпақты  соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз