Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жұмысы сәтті, өнімі тәтті

     Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Студенттік жастардың еңбек жасақтары» облыстық штабы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, 2019 жылдың сәуір айының 11 күні «Болашақ университеті» жатақханасында, жатақхана студенттері арасында «Сыйлық торттың сиқыры неде?» тақырыбында кондитер Салтанат Абдуллақызының шеберлік сағаты болып өтті. Шараның басты мақсаты жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, заманауи кәсіп түрлеріне бағыт-бағдар беру болып табылады.  Аталмыш шараға 40-қа жуық студент қатысып, өздерінің қызығушылығын танытты.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Студенттік жастардың еңбек жасақтары» облыстық штабы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» жатақханасында визажист Салтанат Абдуллақызының шеберлік сағаты болып өтті.

 Шараға «Қызылорда медициналық жоғары колледжінің» 40-қа жуық студенті қатысты. Шараның басты мақсаты ел болашағы саналатын жастарымыздың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, қазіргі таңда көп сұранысқа ие кәсіп түрлерімен таныстыру, бағыт-бағдар болып табылады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз