Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қоғамдық қабылдау өтті

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігі «Жастар еңбек жасағы қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2019 жылдың сәуір айының 23 күні «Жас құрылысшылар»еңбек жасағының қатарына жұмыссыз жастарды тарту мақсатында «Отырар» сауда үйі маңында қоғамдық қабылдау өткізді. Шараның басты мақсаты жастарымыздың жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне ықпал жасау болып табылады. Жастарды өңіріміздің құрылыс нысандарында 50-70 мың теңге көлеміндегі айлық жалақымен жұмыс жасауға шақыру, уақытша және тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал жасау. Шара барысында 100-ге жуық таратпа материалдар таратылып,

Жасақ құрамында жұмысқа орналасуға ниетті 20-ға жуық жастың тізімі жасақталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз