Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жастар орталықтарын дамыту туралы талқылау Қостанайда өтті

 

25 қыркүйек күні  жастар орталықтарының даму жолдары Қостанай қаласында талқыланды.  Қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы ынталандыру және қызмет аясын кеңейту ұтымды шешімдердің бірі. Жастар ресуртық орталығының қызметкерлерімен өткізілген кездесуде жұмыс жасаудың жаңа моделіне көшуге байланысты үлгілік ереженің түсіндірілуі және талқылауы жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.  Шараға арнайы келген маман кездесу барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар мен пікірлер бойынша ой алмасты.  Кездесу Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының  гранты аясында өткізілді.

Комментарии 1

Nurlan Arai 31 қазан 2019 15:28
Жастар орталықтарын дамыту керек дұрыс

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз