Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС МАМАНДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 
Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Н.Ә. Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді.
Жаңа заманда жаңа талапқа сай маманданған жастарға қызмет көрсету орталықтарының бірыңғай үлгіге келуі маңызды тақырып болып табылады.
Аталмыш конференция барысында жастармен жұмыс жасау мамандарына қойылатын талаптар, жұмыс жасау бағыттары талқыланды.
Алғашқы сөзді өңірдің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы алып, сала бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, жаңа модельге көшу барысындағы қиыншылықтар мен олардың оңтайлы шешімдері жайлы да сөз қозғалды.
Конференция Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының  гранты аясында өткізілді.

Комментарии 1

Nurlan 31 қазан 2019 15:26
жақсы бастама 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз