Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Сын айтылмай, мін түзелмейді

Құрметті оқырман! 

  

 Өздеріңізге белгілі «Ізденіс жолы» журналының ресми сайты ашылып, бүгінгі таңда интернет желісінде қызу жұмыстар жүргізілуде. Сайт бетінде көптеген айдарларға орын берілген. Солардың бірі «Сыр-сұхбат» айдары. Білім беру саласына елеулі үлес қосып жүрген, білікті мамандармен жасаған біздің сұхбатымызды сайттан оқып, керегіңізді ала аласыз. Ендеше іске сәт!

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жаратылыстану  бағытындағы пәндерді жоғары сыныптарға ағылшын тілін оқытуды кезең-кезеңімен көшуді біздің Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Назарбаев  зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары» АҚ-мен және КАТЕV халықаралық  қорымен жасалған меморандум аясындағы пилоттық жобамен жүзеге асыру қолға алынды.

 2016 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлері тәжірибесі негізінде 46 мектеп-лицейдің сыныптарына енгізілді.Сол тәжірибемен жұмыс жасап жатырған мектеп-лицейдің бірі Жалағаш ауданы,Мәдениет ауылындағы Ілияс Қабылов атындағы мектеп-лицейі. Жоғары нәтижелермен биік белестерді бағындырып жүрген білім ордасының басшысы Қозыкенова Оразкүл садыққызымен жасаған сұхбатымызды ұсынамыз.

  

 

 

Басшы болу дегеніміз тек бұйрық берумен ғана шектеліп қалмайды. Басшы ең әуелі ұжыммен тіл табыса білуі керек және өзін сыйлатуы қажет. Бойына осы қасиеттерді жинаған басшысы бар ұжымнан ғана нәтиже күтуге болады деседі. Осыған не айтасыз? Мектеп директорларына менеджмент саласын оқытқан дұрыс па?

Мектеп басшысы оң нәтижеге жету үшін жан-жақты білімді, ұжыммен тіл табыса алатын, ширақ қимылдайтын, істі жүзеге асыру үшін тез  ұқыпты қимылдайтын басшы болу керек.

  Өйткені жылдам дамып бара жатырған заманда  бүгінгі істі ертеңге қалдырмай уақытында жұмыс жүргізу керек. Өз ісімен үлгілі болса, ұжымда  өзі де сыйлы болады.

Мектеп директорларына міндетті түрде менеджмент саласын оқытқан  дұрыс және директор болу үшін, білім-тәжірибесі оқу ісі жөнінен орынбасар қызметінен өту керек деп ойлаймын... 

 

— Сіз ең әуелі ұстазсыз. Бұл мамандық ежелден аса қадірлі саланың бірі болып келді. Алайды соңғы уақытта мұғалімдер қауымының беделі түсіп кеткен тәрізді. Оқушылар мектепке білім алу үшін емес ұстазын сынау үшін келетін көрінеді. Бұған не айта аласыз? Ұстаздар қауымының беделден айырылуына қандай себеп бар?

 

Ұстаз болып қалу үшін өз пәнінің білгірі болу керек . Сонда ғана оның беделі биік болады. Ата-анамен байланысты нығайту керек.

 

— Әлемнің ең ақылды адамдарының бірі, жапон ұлтынан шыққан американдық ғалым Митио Каку: «Енді біраз жылдан соң ұстаз, кітап атаулы керек болмай қалады, барлығы электрондық білім беруге көшеді. Адамдар өздеріне керектіні ғаламтордан іздеп оқиды, мектеп бағдарламасында кездесетін «артық» білімді оқып әуре болмайды» – деген болатын. Бұл туралы ойыңыз қандай? Расымен де, электрондық оқытуға көшу дәстүрлі оқудан артық бола ала ма?

 

  - Электронды оқытуға көшу дәстүрлі оқудан артық болады деп айта алмаймын.  Компьютерге үңілгеннен  гөрі әдеби кітапты көбірек оқыған жақсы.

 

- Қазіргі Қазақстандық білім беру саласына қатысты көптеген сындар айтылуда. Оның ішінде жыл сайын ауысатын оқу бағдарламасы мен оқулықтар сапасының сын көтермеуі. Осыған байланысты ойыңыз қандай? Бұл кемшіліктерді жоюдың жолы бар ма?

 

- Сын айтылмай , мін түзелмейді. Бағдарлама жасар кезде мектептің мұғалімдерінен пікір алған дұрыс деп ойлаймын.

 

— Бүгінгі жастар, әсіресе, мектеп оқушылары кітап оқымайды. Ақын-жазушыларды танымайды деген пікір айтылып жүр. Ұстаз ретінде бұл туралы пікірініз қандай?

 

- Ол рас. Оқушыларға кітап оқудың үлгісін көрсетуіміз керек. Оқырмандар сайысын өткізу, « Менің сүйікті кейіпкерім» деген сияқты қызықты жарыстарды жиі өткізіп тұрса тиімді болар еді.

 

 

 — Қазіргі қоғамды алаңдатып отырған басты мәселе мектеп оқушылары арасындағы суицид дертінің өршіп кетуі және тәрбиенің әлсіздігі болып отыр. Мұны қалай шектеуге болады? Ұстаз ретінде ата-аналарға не айта алар едіңіз?

 

- Ата-ана  баласының бос уақытында немен айналысатынын қатты қадағалау қажет. Мектепте тығыз байланыста болып отыру . Смартфонды пайдалануға шектеу қою керек ( белгілі уақыт беру керек)

 

— Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

 - Мектебіміздің үздік  мектепке айналуына үлесімді қосамын.  Әрдайым ұстаздарға қолдау көрсетіп отыру керек . Оқытушының айлық –табысы  жақсы болу керек.

 

- Мәнді де мағыналы сұхбатыңыз үшін рахмет!
                                                                                   Сұхбаттасқан Ғазиза Тәутай

 


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз