Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жаңақорғандық ұстаздардың жетістіктері жетерлік

Құрметті оқырман!
 
       Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар қаншама. Өз жұмысының рахатын шәкірттерінің қуанышы мен әріптестерінің зор ілтипатынан таба білген білікті ұстаз, тәжірибелі әдіскер маман - Кулымбетова  Асмагуль Газизовна. Асмагуль Газизовна өзінің көп жылдық еңбек тәжірибесінде көптеген жетістіктерге жете білді. Республика Президентінің Алғыс хат иегері – 2011, ҚР Білім және Ғылым министрінің Алғыс хат иегері – 2005, 2010 жылы  республикалық  әдіскерлер байқауында «Көшбасшы әдіскер» номинациясын иеленген. Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық білім бөлімінің әдіскері. Ұлы ойшыл Сенеканың "Біз өзіміз үйрете жүріп, үйренеміз" деген нақыл сөзін жанына серік еткен, қарапайымдылығынан таймаған абзал ұстаз Асмагуль Газизовнамен жасаған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауымен бәріміз таныспыз. Қазақстанның үшінші жаңғыруына облыс мұғалімдері дайын деп ойлайсыз ба?

        - Елбасының жолдауы - мемлекеттік құжат. Қазақстанның болашағы деп үміт күтіп отырған жас балғындарды мұғалім қалай тәрбиелесе, қазақстанның болашағы сондай болмақ деген  Елбасының  ғибратты  сөзі әрбір мұғалімнің бойтұмарына айналған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша мұғалімдер дайындықтан толық өтіп, жаңа  бағдарлама бойынша жұмыстың көшбасшысы на айналып келеді.


- Асима Ғазизқызы, Қызылорда облысының білім беру саласында Жаңақорған ауданының үлес салмағы қаншалықты деп айта аласыз?

    - Облыстың білім беру саласына Жаңақорған ауданы - сүбелі үлесін қосып келе жатқан  шоқтығы биік ұстаздарымен мақтана алатын аймақ. Облыс әкімінің грантын иеленген мұғалімдерім ауданның эталонына айналған. Олар: №52 мектептің мұғалімі Тұрсынбек Жұпарбаев, №55мектептің мұғалімі Саламат Мантаева, №163мектептің мұғалімі Меруерт Мелденова, №194 мектептің мұғалімі Әмидулла Дәулетов, №110 мектеп-лицей мұғалімі Ғалия Байтелеева.

     Облыстық ғылыми жоба байқауынан топ жарып, Республикалық ғылыми жоба байқауына қатысқан №196 мектептің 2-сынып оқушысы Н. Тілеухан, №240 мектептің 2сынып оқушысы Шапағат Балтабай, №209-213-125 мектептерден шыққан бірнеше оқушыларымызды мақтан етеміз.

Республикалық олипиададан да соңғы 2 жылда (№163мектеп) жеңімпаздар ауданымыздың абыройын арттырып келеді.

          Республикалық «Өзін-өзі тану» пәнінен өтетін олимпиадада №245, №54 мектептің оқушылары қатарынан 2 жыл бойы жүлдемен оралуда.


-Біздің журнал ұжымымызға айтар ыстық лебізіңіз?!

 - Қазір БАҚ кеңінен дамып, көптеген сайттар ашылып, ұстаздарға қызмет етіп келеді. Сондай басылымдардың бірі - «Ізденіс жолы» ұжымы тәжірибесі қалыптасып келе жатқан жас ұжым. Біздің ауданымызда бұл басылымның мәртебесі биік. Әрбір ұстазымыз жанына жақын тұтып, әр санын асыға күтеді.  Ұжым қызметкерлерінің қаламы ұштала берсін, оқырманы көп болсын демекпін!

Сұхбаттасқан: Айдана МАХАМБЕТОВА

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз