Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


 

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

КММ «№19 санаторлық бөбекжай» 

               Тәрбиешісі: Музапбарова Ғайни Максутовна 

 

Білім беру саласы:  «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Көркем әдебиет», «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Маша мен аю», «Біздің аю»  

Мақсаты: балаларға «Маша мен аю»ертегісін оқып беру арқылы ,балалардың қызығушылығын ояту,өз көргендерін,түсінгендерін айта білуге үйрету,қуана білуге тәрбиелеу.Аюдың өзіне тән ерекшеліктерін ажырата отырып,мүсіндей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,тәй-тәй.

Қолданылатын Көрнекіліктер: сюжетті суреттер,диск,ермексаз,тақтайша,орамал

Билингвизм:Қыс-зима,снег-қар,елка-шырша,аю-медведь,қонжық-медвеженок

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық-қозғаушы-лық

                      Таңғы жиын: 

          -Сәлеметсіңдер ме,балалар!

          -Көңіл-күйлерің қалай?

          -Қазір жылдың қай мезгілі?

          -Қыс айларын атаңдаршы?

          -Бүгін ауа-райы қандай?

          -Жарайсыңдар!

           Біз достарды қолдаймыз,

           Қиын шақта қорғаймыз.

           Біздің топта ұл-қыздар,

           Тату-тәтті ойнаймыз.

Балалар амандасады,сұрақтарға жауап береді,ортаға жиналып,өлең жолдарын қайталайды

Ұйымдастыру-іздестіру

Билингвизм: қыс-зима,

                        снег-қар,

                        елка-шырша,

                        медведь-аю.

Ғажайып сәт:

Топқа Маша мен аю келеді,балалармен амандасады.

-Балалар,бүгін бізде қонақта кім,қай ертегінің кейіпкерлері?

-Маша мен аю балалармен «Ертегілерді ата»ойынын ойнатады.

-Рақмет,саған аю,біздің балалармен бірге «Маша мен аю»мульттоптамасын  тамашалаңыз.

-Қане,балалар,бәріміз теледидардан «Маша мен аю»мульттоптамасын тамашалайық.

-Сендер қандай мультфильм көрдіңдер?

-Жарайсыңдар!

-Олай болса,оқу іс-әрекетімізді дамытушы орталықтарда жалғастырайық.Бүгін біз «әдебиет орталығы», «өнер орталығы», «үстел-үсті отралығы», «желілі-рөльдік орталығында» жұмыс жасаймыз.

1.Әдебиет орталығы:бұл орталықта «Маша мен аю»ертегісін сюжетті суреттер арқылы түсінгендерін топтастырады.

 

 

2.Өнер орталығы:бұл орталықта аюды ермексаздан мүсіндейді.

3.Үстел-үсті орталығы:бұл орталықта Маша мен аю ертегісін үлгі суретке қарап,құрастырады.

4.Желілі-рөльдік орталығы:бұл орталықта Маша мен аю ертегісін рөльдерге бөліп ойнайды.

              

Сергіту сәті: 

1.Ну тоғайда,орманда,

  Аю жүрер қорбаңдап.

  Тікірейтіп тікенін,

   Кірпі жүрер жорғалап.

2.Қорбаңдаған аюдың,

   Құлпынайы көп екен.

   Теріп-теріп алайық,

   Қалтамызға салайық.

Орталықтарға ауысады.

Балалар қайталайды

Балалар маша аюмен амандасады,сұрақтарға жауап беріп,бірге ойын ойнайды,мультфильмді тамашалайды.

Кезекші орталық белгілерін таратады,балалар орталықтарға барады.

Суреттерді топтастырады,

Аюды мүсіндейді

Маша мен аюды үлгі суретке қарап құрастырады

Рөльдерге бөлініп,ойнайды

Балалар қимылмен сергіту жаттығуларын жасайды,орталықтарға ауысады

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар,бүгін біз қандай ертегімен таныстық?

-Қандай орталықтарда жұмыс жасадыңдар?

Қорытындылау,мадақтау,жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Сұрақтарға жауап береді,орталықтарда не жұмыс жасағандары туралы айтып береді.

                                                Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Маша мен аю ертегісінің мазмұнын  

Қандай түсініктерді игерді:ермексазды дұрыс қолдануды,жануарларға қамқорлық көрсетуді,ертегіні сахналауды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:орталықтарда жұмыс жасауды,ертегінің мазмұнын,аюды мүсіндеуді 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз