Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

АШЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


 

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

КММ «№19 санаторлық бөбекжай»

 тәрбиешісі: Сүлейменова Нұргүл Әлшерқызы

  

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Валеология негіздері

Тақырыбы: Тыныс алу мүшелері. Мұрын. Өкпе.

Мақсаты:Тыныс алу жүйесі жұмысының ерекшеліктері, адам өміріндегі ауа мен тыныс алу мүшелерінің рөлі туралы білімдерін бекіту. Ұжымда жұмыс істей білу дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, тыныс алу мүшелеріне күтім жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрсету.

Технология: «Дансаулық сақтау»

Қолданылатын көрнекіліктер:Мұрын суреті, өкпе макеті.

Биленгвалды компанент: Мұрын-нос-nose, өкпе-легкое-Lung, ауа-воздух-air,адам-человек-man

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әреккеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Таңғы жиын:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

-Көңіл-күйлерің қалай?

«Табиғат бұрышымен жұмыс»

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенмен,

Тәрбиенің басығой,

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлекнге.

-Балалар, барлығымыз тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік.

«Бір,екі» деп  қара біз

Қазір санай бастаймыз

Қолды ұстап арқаға

Түзу тұра қаламыз

Өсу үшін күшті боп

Терең тыныс аламыз

-Сәлеметсізба!

-Жақсы

-Балалар табиғат бұрышымен жұмыс жасайды.

Балалар тәрбиешілер амандасады

-Балалар тыныс алу жаттығуын жасайды

Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын табыңдар.

Тау түбінде қос апан,

Екеуі де бос апан.

Ауа ғана кіреді,

Жолдың бәрін біледі.

-Дұрыс айтасыңдар жауабы мұрын.

-Балалар, біз қандай дене мүшемен тыныс аламыз?

-Мұрын бізге не үшін керек?

-Мұрынды саусақпен,үшкір затпен шұқуға болмайды.Мұрынмен тыныс алған өкпеге пайдалы.

-Олай болса балалар, мұрнымызға арналған жаттығу жасайық.

1.Оң мұрын танауын, оң қолымыздың сұқ саусақпен жауып терең  демалайық

2.Сол мұрын танауын, сол қолымыздың сұқ саусақпен жауып терең демалайық

(баяу,орташа,жылдам)

 

Дидактикалық ойын: «Иісінен айыр»

Шарты: Шыны ыдыстарға лимон, сарымсақ, апельсин,алма салынады.Балалар, ненің иісі екенін табу керек.

-Балалар, мынау өкпе.Жүрек сияқты  өкпе де күндіз-түні тоқтамай жұмыс істейді. Біз тыныс алғанда оған ауа толады, тыныс шығарғанда ауа сыртқа шығады.Өкпеге суық тигенде уақытында емделу керек.

«Видео рольик»

Биленгвалды компанент;

Мұрын-нос-nose, 

өкпе-легкое-Lung

ауа-воздух-air,

адам-человек-man

Шармен ойын: «Шарды кім тез үрлейді?»

«Дәптермен жұмыс»

Балаларға дәптердегі тапсырмалардды түсіндіріп, орындату.

-Жауабы мұрын

-Мұрын, ауыз,өкпе.

-иіс сезу үшін, демалау үшін керек

-Балалар тәрбиешімен бірге мұрынға арналған жаттығуды жасайды.

Балалар ойынға қатысады

Үш тілдегі аударма сөздерді қайталайды

-Балалар ойынға белсене қатысады.

-Дәптредегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар, тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?

Балалар келген қонақтарға,достарымызға денсаулығын күту үшін қандай тілектерің бар?

-Жарайсыңдар балалар, сендер өте ақылдысыңдар!

-Мұрын,өкпе, ауыз.

-Таңертең  жаттығу жасаңыздар!

-Пайдалы тағамдар жеңіздер!

-Жыл мезгілдеріне байланысты киініп жүріңіздер!

-Таза ауада көп серуендеңіздер!

                                               Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар тыныс алу мүшелерінің атауларын, олардың қызметін, тыныс алу жүйесін шынықтыру шараларын.

Игерді:Адамның тыныс алу жұмысы  туралы, ауаның адам өміріндегі  маңызы туралы түсінікті;

Меңгерді:Қарапайым тыныс алу жаттығуын орындай алуды, дененің  белгілі бір бөлігіне назар аударуды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз