Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

КҮЗДІК КИІМДЕР


 

Сүлейменова Айгерім Жүсіпқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

                      Тұрмағамбет ауылы, №8 «Қызғалдақ»

 балабақшасының 2 санатты тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаңғы топтық оқу қызметінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Мақсаты: Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратып, күздік киім түрлерін топтастыра білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: ӨТШТ, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Билингвальды компонент: күздік киімдер – осенние вещи, куртка – күртеше, қалпақ - шапка, қолғап – варежки

Сөздік жұмыс: бүгетін, солпысын жөндеп
Көрнекіліктер: күздік киім түрлерінің суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушылық-

Ізденімпаздық

Жетекші-жөндеуші

Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті, сәлемдесейік.

Сәлеметсіз бе!

Здравствуйте!

Good morning!

Тамаша балалар, орнымызға жайғасайық. Балалар сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын, мұқият болайық.

Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін?

Адамның сәні, онсыз жоқ мәні

 Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім.

Дұрыс. Балалар, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміз осы киімдер туралы болмақ.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күздің басты белгісін айтыңдаршы?

Балалар сендер байқадыңдар ма? Жаз мезгіліне қарағанда қазіргі киімдеріміз қандай?

Неге біздер жылы киіне бастадық?

Балалар, дұрыс айтасындар қазір күздің суық айы, жылы киініп жүрмесек жаурап қаламыз. Олай болса балалар жылы жүру үшін қандай киімдер киіну керекпіз?

Қалай ойлайсыңдар адамға киім не үшін керек?

Адамдар өздерін жақсы сезініп жүру үшін өздеріне ыңғайлы ,әдемі киініп жүру керек. Ежелгі адамдар үстерін киім кимеген,киім тігуді білмеген. Келе-келе олар суықтан қорғану үшін аңдардың терісін киімнің орнына пайдаланған. Кейіннен адамдар киім тігуді үйреніп,өздеріне матаның түр-түрінен киімдер тігіп алатын болған. Олар күз,көктем айларына бөлек,жаз,қыс мезгілдеріне басқа киімдер тігіп киюді үйренді. Сөйтіп, жылдан жылға киімдер одан сайын әдемілене түсті. Мына суретке қарандаршы күздік киімдер бейнеленген (слайд көрсету)

- Құлағымыз, басымыз тоңбасын деп басымызға не киеміз?
- Денеміз жаурап қалмау үшін, үстімізге не киеміз?
- Ал, мойынымыз тоңып қалмас үшін не киеміз?
- Енді аяғымыз тоңып қалмас үшін не киеміз?
Енді қолымыз жаурап қалмас үшін тым қалың емес қолғап киюге де болады.
Күзде жауын жиі жауады сол үшін киімдеріміз су болмас үшін қол шатыр ұстаймыз.

Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт- сарт- сарт,
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндіреміз»

Мақсаты: балаларға киімдер арасынан күздік киімдерді таба білуге үйрету.

 Балалар, осы киімдерге қатысты тақпақ немесе өлең, санамақ білеміз бе?

Санамақ 

«Менің киімдерім»
1 дегенім- бөрік,
Кисең бойға көрік.
2 дегенім- етік,
Киер сәнді етіп.
3 дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
4 дегенім -–ымақ,
Қыста кисең жылы-ақ.
5 дегенім-байпақ
Іші жылы тайпақ.
(Ө.Ақыпбекұлы)

Жарайсыңдар, балалар, біз бүгін не туралы ой қозғадық?

Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне барлығың өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет! Олай болса бүгінгі келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыз!

До свидания!

Good Bye!

Балалар үш тілде сәлемдеседі

Иә

Тігінші

Киімдер

  Шалбар

Балалар сұрақтарға ойлана отырып жауап береді

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды

Слайдты тамашалай отырып киімдерді екі тілде қайталап отырады

Өлеңге сай қимылдар жасайды

Ойынға қызыға қатысады

Иә

Санамақты айтады

Cұрақтарға жауап береді.

Келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Маусымдық белгілері бойынша киімдерді топтастыруды. Ұл бала мен                

            қыз баланың киімдерін ажырата білуді.
Игереді: Күздік киім түрлерін

Меңгереді: Өзін – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз