Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ЖАҢА МАЗМҰНҒА ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРУ

  

 

 

Болатбекова Айгүл Балташқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 

«№41 М.Шоқай атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры


        Білім мазмұнын жаңарту жаһандану дәуірінің  қажеттілігінен туындайды. Білім беру жүйесін  жаңарту- оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде жобалауға , ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім алушы мен оқытушыға тиімді жағдайды қамтамасыз ететін прогрессивті, жаңа педагогикалық енгізулер. Мемлекетіміздің білім беру саясатын іске асыру мақсатында мектеп жүйелі жұмыс жасап келеді. Мектебімізде жалпы 57  мұғалім жұмыс жасайды. Оқыту мен оқудың деңгейлік бағдарламасынан  18 мұғалім, жаңартылған білім мазмұны бойынша 11 мұғалім біліктілік курсынан өтті.

       Мектепті дамыту үшін белгіленген басымдықпен мақсатты жұмыстар жасалуда  Мектептің табыс  түйіндемесі жасалды.Ол  оқыту мен тәрбиелеуде сыни баға беру бағамдары мен мөлшерлерін кезең бойынша жұмыстың  бағытын қамтиды.  Оқу тәрбие жұмысын тездетіп дамыту тиімділігінің жағдайлары мектептің мұғалімдер ұжымы , ата аналар қауымдастығы және оқушылар ұйымымен бірлікте қарастырылған. Сындарлы оқыту теориясы бойынша сертификатталған мұғалімдердің  мектепішілік «Зият» кәсіби қоғамдастығы жұмыс жасайды. Оқыту мен оқудың жаңа әдістері арқылы сыныптардағы сабақ үдерісі жаңаша ұйымдастырылып, білім сапасына оң өзгерістер әкелді. Қоғамдастық мүшелері іс әрекетті тиімді ұйымдастыру жөнінде   педагогикалық  диалогтар , әдістемелік әңгімелесулер жүргізіп отырады. Мұғалімдер «Кәсіби даму жоспарын » жасап, өзінің кәсіби деңгейін жетілдіруге  жүйелі жұмыс жасайды. «Педагогикалық қызмет картинасының» картотекасы  әдістемелік кабинетте жаңаша жинақталуда. Мектеп мұғалімдері аудандық, облыстық  кәсіби байқауларда жетістікті жұмыстар көрсетуде.

 Аймақтағы  жеті мектептің «ЖАДА» кәсіби қауымдастығы жұмыс жасайды. Қауымдастық жаңа мазмұнның жаршысындай жұмыстар жасауда.

       Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін  жетілдіру мақсатында мектебімізде «Тәжірибедегі рефлексия курсы» жүргізілді  Мақсатты жұмыстың  нәтижелері толағай табыстар әкелеріне сенеміз.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз