Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қ.МҰҚЫШЕВ. «КӨКТЕМ»

 

 

 

Үсенбекова Роза

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№41.Шоқай атындағы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Пәні: Әдебиеттік оқу

№41 М. Шоқай атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Үсенбекова Роза

 Сынып: 3


Сабақ тақырыбы:

 Көктем. Қ. Мұқышев

Сабақ негізделген оқу  мақсаты:

Оқушыларды Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңімен танысады, мазмұнын ашады, автор жайлы  мағлұмат алады.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

-Өлеңді түсініп, мәнерлеп  оқиды

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Көктем өлеңіндегі ақын ойын жеткізеді және осы өлең бойынша ауызша суреттей алады.

Кейбір оқушылар істей алады: 

Ой-пікірлерін ашық айта алады және өлеңдегі негізгі сөздерді үш тілде айтады.

Табиғат-природа-nature

Су-вода-water

Көктем –весна – spring


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Айтылым мен тыңдалым, жазылым дағдыларын жасай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

өкпек жел, күркіреп, ақты сел,көгерді.

Дегдіді- кепті

Жуып жердің омырауын- жердің беті су боп ақты

Талқылауға арналған сұрақтар:

Табиғат дегеніміз не?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Көктемдегі адамдардың іс-әрекеті

Көктемдегі жануарлардың іс-әрекеті.


Жетістік критерийлері

  • оқушылар Қабыкен  Мұқышев туралы біледі
  • өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгереді
  • түсінікіз сөздердің мағынасын түсінеді
  • Сурет бойынша ой толғай алады

Ресурс

Оқулық, стикер, даналық ағашы, үлестірме қағаздар, смайликтер, «бағдаршам», мадақтама


Алдыңғы оқу

«Көктем сәні» ертегі


Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка, бейнелеу, қазақ тілі


Психологиялық дайындық

І. Ұйымдастыру

-Балалар, қазір қай мезгіл?

Дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі келді. Күннің көзі  күлімдеп бәрімізге жылулық сыйлайды.Олай болса бізде бір бірімізге жылулық сыйлай отырып бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік

Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күнгі сабақ,
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң,
Тек қана бестік болсын!


Сабақтың басы

Топқа бөліну

Топқа бөліну

Үстел үстінен қыс, көктем, жаз, күз мезгілдер суреттерін таңдау арқылы төрт топқа бөлінеді. Балалар топқа отырып болғаннан кейін әр топтан мезгілдер туралы не білетіндерін бір сөйлем айтқызу.

Топтың алтын ережесі:

  • Бір-бірінің пікірін тыңдау
  • Уақытпен санасу
  • Шынайы бағалау

 Сабақтың ортасы

ІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс

  • «Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүл жазира жарасқан,

 Гүлдерімен қай кезең?

Ой қозғау әдісі

-Табиғат деген не ?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?

-Көктемдегі жануарлардың іс-әрекеті

«Тұлғаны таны» әдісі

Қабыкен Мұқышев 1920 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алады. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ  береді. 1944- 1949жж Қарағанды мемлекеттік

Педагогоикалық институтында аға оқытушы болып істейді. 1950-1960 жж Қарағанды, Ақмола, Алматы ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады.Кейін таза  шығармашылық жұмыспен айналысты.

 «Білім көзі-кітапта» Оқулықпен жұмыс

«Көктем» өлеңін мәнерлеп оқимын.

«Түртіп алу әдісі»

(Өлеңнен түсініксіз сөздерді қаламмен түртіп алу)

Дәптермен жұмыс

Дегдіді-кепті

Жуып жердің омырауын- жердің  беті су боп ақты

Жасыл барқыт-жасыл шөп

Топтық жұмыс

1 топ. «Көктем» тобы. «Көктем» өлеңін  мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу

2 топ «Жаз» тобы. «Даналық» ағашына автор жайлы не білетінін жазу

3 топ «Күз» тобы. Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқу.

4 топ «Қыс» тобы. Осы өлең мазмұны бойынша сурет салу

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Жұптық жұмыс « Ойлан, жалғастыр» әдісі

Көктем күйін . . . ,

Балалар жүр . . . .

Қысты қуып . . . ,

Асқар таудың . . . .

 Бармақпен бағалау

Жеке жұмыс.

Табиғат біздің  анамыз. (тыйым сөздер айту)

  • Құстың ұясын бұзуға болмайды, өйткені құстар біздің досымыз
  • Көк шөпті таптауға  болмайды, өйткені көк шөп жерімізге көрік береді
  • Аңдарды атуға болмайды, өйткені олар біздің байлығымыз
  • Гүлді жұлуға  болмайды, өйткені ол әдемілік белгісі.

Смайликтер беру

Дарынды оқушылармен жұмыс. Cөздерді үш тілде айту

Табиғат-природа-nature

Су-вода-water

Көктем –весна – spring

«Жұлдызша» беру


Сабақтың соңы

 «Менен тілек». Берілген гүлшоқтарына тілектерін жазу

Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толтырар едің? 

Кейінгі оқу. Үй тапсырмасын беру

 Қ.Мұқышев «Көктем» өлеңін жаттау

«Табиғат –біздің анамыз» тақырыбына эссе жазу


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз