Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қосу жəне азайту амалдарының компоненттерінің атауларымен танысу v


 

Досова  Гүлмира Уәлиханқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылы,

№158 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Пән:   Математика Ұзақ мерзімді жоспар:

Мектебі:          

Бөлім:    Математикалық модельдеу

Бөлімше: 5.2  Математика тілі

Мұғалімнің аты-жөні:    Досова Г үлмира Уәлиханқызы

Сынып:     1

Тақырыбы:

Қосу жəне азайту амалдарының компоненттерінің атауларымен танысу

Оқу мақсаты:

1.5.2.4 өрнектерді оқу жəне жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттеріні ң атауларын пайдалану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлық оқушылар: Өрнектерді оқиды, жазады

Көптеген оқушылар: Қосу жəне азайту амалдарының компоненттерінің атауларын айтады

Кейбір оқушылар: Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда пайдаланады

Бағалау   критерийлері

  • Қосу мен азайту амалдарының компоненттерін ажыратады.
  •  Қосу мен азайту амалдарының компоненттері бойынша өрнектер жазады және оқиды.

Тілдік мақсат

  • өз пікірін жəне ұсынылған амал əдістерін айтуда математикалық білімді жəне математикалық терминологияны («сан», «»цифр»,  «теңдік», «қосу», «азайту» жəне т.б.) қолдану;
  •  мұғаліммен, сыныптастармен диалогқа, мəселелерді ұжыммен шешуге қатысу, өз ойын айтуға бастама білдіру жəне тырысып, белсенді болу;
  • сөйлесу барысында жұбын тыңдау (тапсырмада);
  • өз ойын дəлелді жеткізу.

Құндылықтар-ды дарыту    

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық,  құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі ( Сұраулы сөйлем)

АКТ қолдану дағдылары

Слайд бойынша жұмыс

Оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету;

Бастапқы білім  

Заттарды біріктіру жəне жою. Артық, кем, саны бірдей заттар  жайлы мәліметі бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет    

 

Ресурстар

Сабақтың басы  

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:«Ширату» жаттығуы

Оқушыларға фигуралар таратылып беріледі,құрастырады.

Фигураларға  қарай бірігуі керек. .

 Оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырылады.

 

 Т)«Ой қозғау».

 

 

  • Суреттен не байқап отырмыз?
  • Суретке қарап өрнек құр

қосу жəне азайту амалдарының компоненттерінің атауларымен танысу

1.Үшбұрыш

2.Шаршы

3.Дөңгелек

Фигуралар , қима қағаздар

Электрондық оқулық

(оқу жоспарындағы сайт)

Сабақтың ортасы

20 мин

«Шындық па немесе жалған ба?» әдісі   арқылы  жаңа  тақырыпқа жол ашылады.

С) Суреттің немесе ойыншықтардың көмегі арқылы (заттарды жəшікке саламыз), оқушылардан келесілерді сұраңыз: заттарды біріктіру үшін оларды жəшікке саламыз ба? əлде жəшіктен аламыз ба?

Қосу амалын орындап, заттарды қабаттап жатқанымызды айтыңыз. Өрнекті жазып алыңыз. Компоненттерді атаңыз. Жəшіктегі заттардың санын санаңыз.

Тақтадағы заттардың санын жазып алыңыз (мысалы, 6). Содан кейін жəшіктен бірнеше затты алып тастаңыз. Оқушылардан сұраңыз: заттардың санын азайтамыз ба? Əлде көбейтеміз бе? Яғни, 6 – азаятын сан, ол азайғыш деп аталады. Қанша затты алып тастадыңыз? (мысалы, 4). Ол азайтқыш деп аталады. Жəшікте қалған заттардың саны айырма деп аталады.

6-4=2

Ж, қ) Оқушылар бір біріне мысалдарды ауызша шешуді ұсынуы үшін жұппен жұмыс істеуді ұйымдастырамын Сергіту сәті

«Шалқан» ертегісінің мазмұны бойынша оқушыларды топтарға бөле отырып, қимылдар жасату

Т) «Кім жылдам?»

1-топӨрнек құр және компоненттерді ата

2-топ«Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

3

2



3

1


3


 

3-топ   5,-,2,+,3 пайдаланып өрнек құр және

 мәнін тап 

 

«2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалау. 
















 

 


Ж)1-тапсырма «Ойлан тап»

Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауларын өрнектердегі сәйкес сандармен байланыстырыңыз.

 










 

 

 

 


Қосылғыш  азайтқыш қосылғыш азайғыш

Дескриптор:

Білім алушы

- қосу амалы компоненттерінің атауларын анықтайды және сәйкес сандармен байланыстырады;

- азайту амалының компоненттерінің атауларын анықтайды және сәйкес  сандармен байланыстырады.

«Бағдаршам» бағалау

 

 

 

 

2-тапсырма 

Математикалық диктант.Өрнек түрінде жазыңыз. 

Азайғыш – 8, азайтқыш – 3, айырманың мәнін табыңыз.  Бірінші қосылғыш –6, екінші қосылғыш – 4, қосындының мәнін табыңыз.

 

 

Дескриптор:Білім алушы

- компоненттері бойынша айырма жазады және мәнін табады;

 - компоненттері бойынша  қосынды жазады және мәнін табады

Ж)«Барлығы өзім туралы»өзіңдегі заттардан есептер құрастыр 3 қосынды , 3 айырма жазады, компоненттерін атайды

басбармақпен бағалау

 Қима суреттер,

Оқулық, бағалау парағы, маркер, стикер, плакат

  • Ертегі кейіпкерлері

(шал, кемпір, қыз, шалқан)

Деңгейлік тапсырма

Интербелсенді тақта

«Бағдаршам» бағалау

Жұлдызша

Сабақтың соңы

5мин

 

Рефлексия: Шолиер табақшалары 

(білу, түсіну, қолдану)

 

 

  

Стикерлер, қорапшаларv

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз