Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жазық фигуралардың модельдері



Қалымбетова Ләззат Шайзатханқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ш.Қодаманов ауылы

№158 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Геометриялық фигуралар 

Мектеп: №158 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалымбетова Ләззат Шайзатханқызы

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жазық фигуралардың модельдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.3. композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Жазық фигуралардың модельдерінен және әртүрлі бөліктерден композиция құрастырады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • Модельдерді құрастыру дағдылары қалыптасады;

Кейбір оқушылар: 

  • Зерттеушілік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы жазық фигураларды жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренеді

Бағалау критерийі

  • Фигураларды санайды;
  • Әртүрлі материалдардан жазық фигуралардың моделдерін жасай алады, құрастыру дағдысы қалыптасады;
  • Зерттеушілік іс-әрекет ұйымдасады;

 

 

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

 Геометриялық термин сөздермен танысады;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • модель

Сыныптағы диалог \сыныптағы айтылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Қандай жазық фигураларды білесің? ата?

Қандай жазық фигуралармен таныссың?

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері 

Алдыңғы оқу

Жазық фигураларды; әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды; жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі;

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

Сабақтың ортасы:

25 мин

2 мин

3 мин

 

 

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге.

«Сиқырлы қобдиша» ойыны

Оның ішінде жазық геометриялық фигуралар салынған. Оқушылар шеңбер жасап тұрып, кезекпен дорбаға қолдарын салып, фигураны алмай оның қандай фигура екенін сипап ұстау арқылы анықтауды ұсыну.

Топқа бөлу:Оқушыларды үшбұрыш,төртбұрыш,шеңбер деп 3 топқа топтастырамын

 (Ұ) Оқушылармен бірге оқулықтағы үшбұрыш жасаудың кезеңдерін қарастыру.

Үшбұрыш жасау үшін қанша материал және қандай материал қажеттігін талқылау;

Оқушыларыдың жауаптарын қорытындылау.

(ҚБ) Бармақпен бағалау әдісі

Дескриптор: Үшбұрышқа не керек екенін біледі;

2 – тапсырма

(т)Нұсқаулыққа қарап шаршының моделін жаса

«Арқадан қағу» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор:

Шырпы мен ермексазды пайдаланып шаршының моделін жасайды.

 

Сергіту сәті

«Ойлан тап» ойыны арқылы

Қабілетті оқушы қандайда бір фигураны жасырады да,оның өзіне тән негізгі ерекшелігін айтады.  «Модель» деген сөзді қосып,фигураны тауып,оның атауын айтқанда мыс: «үшбұрыштың моделі» деп айту қажет.

3-тапсырма

(Ө) Өз бетіңше тіктөртбұрыш жаса

Ши мен ермексаздан тіктөртбұрыш жаса

Дескриптор: Геометриялық фигураларға қатысы бар заттарды ажыратады,анықтайды

  • Интерактивті тақта
  • Сиқырлы қобдиша
  • Геометриялық фигуралар
  • Таратпалар
  • Шырпы,
  • ермексаз
  • Шырпы,
  • ермексаз
  • Геометриялық фигуралар
  • Ши мен ермексаз

Сабақтың соңы

 

Рефлексия: 

«Дұрыс – бұрыс» әдісі арқылы

 

vv

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз