Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеуv


 

Оспанова Анар Джандуллаевна

Қызылорда қаласы №271 мектеп

технология пәні мұғалімі (ұлдар)

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Дизайн және технология

Мектеп№271

Күні16.11.2018ж

Мұғалімнің аты - жөні:  Оспанова А.

Сынып8а ,ә, б.

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.6.1-Жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, өңдеудің конструкциялық, табиғи, жасанды материалдары мен әдістерін негіздеп таңдау

Сабақ мақсаттары

Қазақ халқының тұрмыстық заттары торсық, дөңгелек үстелді зерттеу.

қазақ халқының қолөнері, қазақ шеберлерінің шығармашылығы туралы білімін қалыптастыру

Бағалау критерийлері

Қазақ халқының тұрмыстық заттарын біледі;

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын зерделей алады;

Торсық және дөңгелек үстел туралы ақпараттар табады;

Торсық және дөңгелек үстел заттарының орындалу техникасы мен материалдарын біледі;

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

торсық пен дөңгелек үстелдің  құрамы мен бөліктерін талқылай алады;

торсық пен дөңгелек үстелдің идеясын сипаттай алады;

торсық пен дөңгелек үстелдің ерекшеліктерін талқылайды;

сұрақтарға жауап жаза алады

Пәндік сөздік қор/пәндік лексика және терминология

Қолөнер, дизайн, технология, өнер, тұрмыстық заттар, дизайн туындылары, зерттеу жұмыстары, зерделеу, материалдар, торсық, дөңгелек үстел, өнім дизайн, нысаналы аудитория, дизайн сапасы, дизайн ерекшеліктері, құрамдас бөліктер, эстетикалық тартымдылық

Диалогқа/жазуға қажетті сөзтіркестері

Қазақ  халқының тұрмыстық заттарының негізгі ерекшеліктері …

Дизайн ерешлеліктрі… мынады.....

Менің тапқан ақпараттарым … көрініс береді.

 

Құндылықтарға баулу

Өмірбойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын

Пәнаралық байланыстар

Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысып және мәдени шығу тегі, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы зерттеу жұмыстарын орындады.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы (5мин.)

Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Ж.Баласағұнның қанатты сөзімен бастаймын.

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.


Өткен тақырыпқа шолу жасау,  сұрақтар қою.

Қазақ халқының тұрмыстық заттары  туралы не білдік, қандай түрлері кездеседі. ?

Дизайн дегенді қалай түсінесіңдер? 

      3.   Қазақ халқының қандай тұрмыстық заттарын

             білдік ? 

Көнек дегенідіз не және қалай жасалады?

Ер адамдарға тән жұмыстар және әйел адамдар қандай шаруашылықпен айналысқан?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

 Слайд

Негізгі бөлім(30 минут)

Сабақтың тақырыбы және мақсаты слайдта көрсетіледі.

Тақырып: Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу.

Оқушылар тақырыппен және сабақ мақсатымен танысады.

Қазақ халқының тұрмыстық заттары туралы түсінігін кеңейту үшін «Торсық» жайлы видиоролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс

«Тері өңдеушілер» тобы торсықты тарихы-мәдениет аспекті жағынан зерттейді.

«Ағаш ұстасы» тобы Ағаштан жасалған бұйымдарды айтады және Дөңгелек үстелді зерделейді

Мақал мәтелдердің жалғасын табу

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.

Ердің атын еңбек шығарады.

Бақыт кілті еңбекте.

Табиғи материал дегеніміз не?

 Табиғи материалдар не үшін  керек? 

 

Оқушыларға қауіпсіздік техникасы ескертіледі.  

«Тері өңдеушілер» тобы қағазға торсықтың нобайын түсіредіжәне ою-өрнекті ояды.

«Ағаш ұстасы» тобы қағазға ою-өрнек ойын үстелге түсіріп.күйдіру жұмыстарын орындайды.

Технологиялық диктант

«Тері өңдеушілер» тобына

1.Торсықты қандай халықтар пайдаланған

2.Торсықты қандай жануарлардың терісінен жасаған

3.Өркешторсықты неден жасайды.

«Ағаш ұстасы» тобы

1Ағаштың негізгі механикалық қасиеттері?

2.Ата бабамыз не үшін үстелді дөңгелек етіп жасаған?

3Дөңгелек үстелді қалай атаған .?

Сонымен торсық дегеніміз – өнер, кәсіп, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз, асыл мұрамыз, қазынамыз. Сондай-ақ ол – бірнеше ғылымдардың пайда болуынан туындаған өнер, әлем халықтарының тамашалайтын көрмесі, қазақ халқының философиясы

Слайд

видиоролик

постер

Слайд

Қағаз, қайшы, қалам,

Күйдіру құрылғысы

Диктант парақшасы

Сабақтың соңы 

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

.

 Оқушыларға ұялы телефонның суреті бар парақша таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерін  смс яғни хат жазу арқылы жеткізеді. Сабаққа 1-9 аралығында ұпай беру үшін астындағы тор көзге тиісті санды жазып бүгінгі сабақты бағалайды.  

 

Үй тапсырмасы: 

& 8 оқу

v

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз