Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Атамекен – қонысым

Салимова Жанаркуль Алимсаковна

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы 

№266 мектеп-лицей

бастауыш сынып мұғалімі.



Сабақтың тақырыбы: 

Атамекен – қонысым

 Күні:    

СЫНЫП:  7

Қатысқан оқушылар  саны: 

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездемені салыстырып,  тарихи және көркемдік құндылығына баға беру (7.Б/С1).

Сабақ  нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.          

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген  портреттік мінездеме

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру,  көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Алдыңғы оқу

Қазтуған жыраудың «Туған жермен қоштасу» толғауы

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басы

5  минут 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы 

30 мин

5 мин

 

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мин

Топтарға бөлу.

Жыр үзінділерін қима қағаздарға бөліп құрастыру арқылы топқа бөлу

І топ

Еділді алса- елді алар, 

Енді алмаған нең қалар?

ІІ топ

Жайықты алса- жанды алар

Жанды алған соң не қалар?

ІІІ топ 

Ойылды алса- ойды алар,

Ойлашы, сонда не қалар?

Балалар, бұл үзінді бізге таныс па? Кімнің шығармасы?

Иә , Қазтуған Сүйіншіұлының «Туған жермен қоштасу» толғауы.

Бұл толғауда қандай жер-су атаулары бар екен?

Еділ, Жайық, Ойыл

Демек, бізде үш топ атауы Еділ, Жайық, Ойыл болып аталады.

 

 

«Фишбоун» әдісімен тапсырманы орындау

Үй тапсырмасын сұрау

 Басы: негізгі мәселе  Ортасы: шешу жолдары  және қорытынды

 

 

Балалар, сезімдеріңізге әсер еткен, өздеріңізге ұнаған үзіндіні жаттағандарыңыз бар болса, ортаға шығып айтып өтсеңіздер.

-Балалар, біздің Еділ, Жайық, Ойыл деп топқа бөлінуіміздің себебі неде деп ойлайсыздар? Бұл кімнің туып-өскен жері деп ойлайсыздар?

- Олай болса, бүгін осы толғауды қорыту мақсатында «Атамекен – қонысым» тақырыбын өтеміз.

Топтық жұмыс

І топ. Талқылаушы

Толғаудың тақырыбы мен идеясын аша отырып, толғаудың мазмұнын қара сөзбен жеткізеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Толғаудың тақырыбын, идеясын, мазмұнын айтады.

Тақырыбын, идеясын анықтайды

1

Толғау мазмұнын қара сөзбен айтады

1

Барлығы

2

ІІ топ. Белгілеуші

Толғау мазмұны бойынша 4 проблемалық сұрақ дайындау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Толғаудың мазмұны бойынша проблемалық сұрақ дайындайды.

Проблемалық сұрақ құрастырады

1

Өз пікірлерімен салыстырып, келісу, келіспеу себептерін талқылайды.

1

Барлығы

2

ІІІ топ. Байланыстырушы

Толғау мазмұнындағы тарихи оқиғаның құндылығын сурет арқылы жеткізу.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Толғау мазмұны бойынша сурет салады.

Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

1

Суреттің эстетикалық талғамына баға береді

1

Барлығы

2

Жұптық жұмыс. 

Тақтаға ілінген Қазтуған портретінің үстіндегі түрлі түсті парақтарды ала отырып, жұптасады. Парақта берілген тапсырмаларды орындайды.

Үзінді

Автордың айтпақ ойы

1

Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның алады.


2

Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?


3

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!


4

Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!


5

Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.


6

Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!


7

Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,

Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!


8

Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.


9

Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1. Толғаудағы автор мен кейіпкер бейнесі

Үзіндідегі автор ойы қайсысын береді:

-кейіпкердің портреті;

-ішкі сезімі;

-мінезі; 

-болашаққа деген көзқарасы

1

2. Өз ойы

Толғау бойынша өз пікірі

1

Барлығы

2



Соңы

5 мин

Кері байланыс. «Сиқырлы қалам» арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жеткізеді. 


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс




Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз