Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі


 

Кеңесбаева Айгүл

Қызылорда қаласы С.Лапин атындағы №261

орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Пән: сауат ашу 

Сынып: 1 «Д»         

Ұзақ  мерзімді жоспар бөлімі:  Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:  Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі   (125)

Осы сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.2.9.2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну(ь,ътаңбалары мен ф,в,ц,ч дыбыстары, е, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу

1.2.1.2  Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу) қолдану

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке дауыстылар)ажырату және дұрыс дыбыстау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Я дыбысы мен әрпін біледі..

Көптеген оқушылар:  мәтінді түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:  сөздерді тұтастай оқиды.

Жетістік  критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін  дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін  көрсете  алады.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Бағалау критерийлері

мәтінді түсініп оқиды,  сұрақтар қояды;

ертегі кейіпкерлерін туралы әңгімелейді.

Ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастыру

Біз бақытты баламыз

Ойнап, білім аламыз

Сауат ашу пәнінде

Оқып, жазу жазамыз.

Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз  дыбыс нешеге бөлінеді?

Топқа бөлу. Жыл мезгілдері арқылы

Үй тапсырмасын тізбектеп оқыту.

Сабақтың  басы

 

 

Сергіту сәті:

Таныстырылым . Слайд арқылы я дыбысын таныстыру.

Я дыбысы қандай дыбыс? (Қосарланған дыбыс)

Суретпен жұмыс:

Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

Қазір қай  мезгіл?

Қыста  табиғатта қандай   өзгешеліктер болады? (күн суытады, аяз болады т.б)

Мына  кейіпкерлер туралы  не білеміз?

Сендер Алдар Көсе туралы естігендерін бар ма?

Ұжымдық  жұмыс:  Тақтада орындалады.

Көп нүктелердің  орнына  а,я дыбыстардың  тиістісін  қойып жаз.

Т...с                                   Ғ... сыр

Тақи...                              Бо...у

Шорт...н                          Си...

Са...бақ                            Ж...рыс

Бағалау:  Қар арқылы  бағалау

Топтық  жұмыс: 

І топ: Алдаркөсеге тірек сызба арқылы мінездеме беру

ІІ топ:  Байға  тірек сызба арқылы мінездеме беру

ІІІ топ: Суретке қарап әңгімелеу 3 – жаттығу

ІҮ топ: Екі кейіпкерлерді салыстыру

Бағалау:  Смайлик арқылы

Сергіту сәті: «Көңілді күн» 

 Оқулықпен жұмыс: Аудиожазба, слайд  арқылы   тыңдалым   

Алдаркөсе мен бай баласы  әңгімесін тыңдау.

 

Әр топтан бір оқушыдан  мәтінді оқыту.

 

Бағалау:  Мадақтау

 

 

 

Тақтамен  жұмыс: 

 

Мәтіннен я әрпі бар сөздерді тауып, дыбыстық  талдау  жасау.

 

(Жаяу, таяғым)

 

Бағалау: Жұлдызша  арқылы

 

 Жұптық  жұмыс:                                                                                                        Берілген сөзге мағынасы қарама- қарсы сөздерді тауып жазу.

 

Бағалау: машина  арқылы                                                                                          Жеке жұмыс: 

 

 

 

Суреттердегі   заттардың атын жазу.  

 

Бағалау: смайлик жапсыру арқылы

 

Аудиожазба

Аудиожазба



Кері байланыс:

Жетістік баспалдағы

Не қиын болды? Не қызық болды?    Не маңызды болды?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз