Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі сөздердің байланысы


Сейсенова Жұмакүл Аралбайқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Ш.Қодаманов ауылы, №158 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Күні: 

Мұғалімнің аты – жөні 

Сейсенова Жұмакүл Аралбайқызы  

Сабақ:                Сауат  ашу

Мектеп:№158 орта мектебі

Сынып:1

Қатысқандар:                        Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Әңгіме оқимын. Сөйлемдегі  сөздердің  байланысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мəтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.2.2.1. шағын мәтінде негізгі оқиғаның мәнін түсіну және  ретін анықтау

1.3.9.1.әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу, көшіру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа білімді меңгереді.Тыңдалған мәтін бойынша қойылған  сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не   туралы айтылғанын түсінеді.

Оқушылардың көбі жасай алады: 

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Қойылған сұрақтардың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады.

Оқушылардың кейбірі  жасай алады:

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау

критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап бере алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Ертегіні мазмұндай алады, сұрақтарға  толық жауап бере алады. Сөздерді бір-бірімен байланыстыра алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Түлкі, құмыра, сүт, әйел, өзен, әлек болу, батып кету.

Көптілділік:түлкі – лиса -  fox

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Түлкі қандай аң?

-Ол қайда мекендейді?

-Түлкінің осы қылығы дұрыс па?

-Неліктен түлкі суға батып кетті деп ойлайсыңдар?

-Түлкі құмырадан  басқаша қалай құтылуға болар еді?

Құндылықтарды дарыту

Өзара түсіністік, сыйластық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі , дүниетану

Алдыңғы оқу:

Оқушылар сөйлемдегі  сөздердің байланысын ажырата алады. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне кері байланыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут
  •  

1.Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта жағымды ахуалды орнатады.

Табиғатты  аялайық,

Біз  жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың  аясында,

Жадырап  жас балаша  дем алайық!

Топқа бөлу. Оқушыларды сабақ тақырыбына байланысты топтарға бөлу.

1-топ   «Түлкі»

2-топ   «Құмыра»

3-топ   «Өзен»

Бағалау  парақшасын  таныстыру

1.Сөйлем  дегеніміз не?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Сөз дегеніміз  не?

Топ басшыларын  сайлау:Сұраққа алғашқы жауап  берген оқушы топ басшысы  болады.Тақырыпқа  байланысты бағалау критерийлері  бар бағалаупарақшалары топ  басшыларына беріледі.

Ширату жаттығуы

Жұмбақтар шешу:

  • 1-топ   Өзі ширақ,  өзі  қу,

Жүрген  жері  айқай  шу.   (түлкі)

  • 2-топМөлдір түбі
  • Шеңбер түрі.
  • Аузы тарлау,
  • Шыны күбі.            ( Құмыра)

3-топШыққанда шығыны жоқ,

  Жауса жауын бүйірі жоқ.

          Қыста жылтыр қақ болар,

          Түртінектеп тынымы жоқ .     (өзен)

Жаңа сабақтың  тақырыбын  ашу  мақсатында топтарға қима суреттер   беріледі. Сол  құрастырылған  суреттерден ертегіні болжайды.

Мұғалімге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Бағалау парақшасы

Сабақтың ортасы

20  минут

5  минут

 

1 минут

5 минут

5 минут

2минут

5  минут

Айтылым.  «Болжау» әдісі 

Суреттегі түлкі мен құмыраға қарап ертегінің мазмұнын  болжайды.  Тақырып арқылы мәтін не туралы екенін айтады.

 Қызығушылығын  ояту

Тыңдалым :

 1-жаттығу.

Оқушыларға  бейнежазба   арқылы «Түлкі мен құмыра» ертегісін көрсету.

Оқылым

Мәтінді түсініп оқы.«Түлкі мен  құмыра»ертегісі

Айтылым

«Сұрақ –жауап» әдісі

Диалог

Кері  байланыс

  • Ертегіде не туралы айтылған?
  • Ертегінің мазмұнын қысқаша айт. 
  • Ертегі мазмұны бойынша сұрақ қой. 
  • Мәтінде неше сөйлем бар?
  • Бірінші сөйлемде неше сөз бар?
  • Ендеше, біз осыдан ереже келтіріп шығарамыз.
  • Ереже:  
  • Сөз дыбыстардан құралады. Ол белгілі бір мағынаны білдіреді.  Сөздер бір-бірімен байланысып сөйлем құрайды.   
  • Сөйлем---сөз---дыбыс---әріп
  • Жазылым:Дәптермен жұмыс.
  • 2-жаттығу.  Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Сүтке толы құмыраны көрді. Түлкі оны ішпек болды.

Жеке жұмыс 

Сүт,түлкі  құмыра  сөзіне  дыбыстық талдау жасауға тапсырма беремін.

«Жұбыңды  тексер» әдісі 

Жасаған  жұмысын  өзара тексертіп,бағалатамын.

Сергіту сәті. 

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

Айтылым

«Ойлан, топтас» әдісі

Әр топқа   қосымша  топтық тапсырмалар беремін.

3-жаттығу

І  топ - сүт сөзінің,

 ІІ  топ -  бал сөзінің, 

ІІІ  топ - шай сөзінің  бір дыбысын өзгертіп, бірнеше сөз жасайды. . Сөз мағынасы қай дыбыстың  әсерінен өзгеріп тұрғанын айтады.

«Рөлдік ойын» әдісі

Сөйлемдегі сөздерді байланыстырып, ертегіге  байланысты  рөлдік ойын көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма.                                   « Кім  жылдам! »

4-жаттығу. Жаңылтпашты дұрыс аяқтап жазады.

Дән- дәулет,

Дәулет - дән.

*************сәулет.

Сәулет**************.

(cән,ән,үй)

Саралау

Оқушының  жеке  қабілеттеріне сәйкес әртүрлі  тапсырмалар бар парақшалар   таратамын.

1.Түлкі,аю,коян  суреттері беріледі.

Суреттегі аңдардың аттарын жазады.

2.Осы сөздерге  қатыстырып  сөйлемдер  құрайды.

3.Осы суреттерді   пайдаланып шағын  ертегі құрайды.

Бейнежазба.

Түлкі,

құмыра суреттері

Жазу үлгісі

Тапсырма жазылған парақшалар

Қоян, аю, түлкі суреттері

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

1.Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты  ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрлерін жасағандарын айтады.Нені меңгергенін айтады.

2.Бүгінгі сабақта болған көңіл күйді бас бармақ салынған сурет арқылы бағалау.

Микрофон

Басбармақ

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз