Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

«Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал –мәтелдеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер»

 Қырықбаева Айнұр 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы 

№266 мектеп-лицей

ағылшын пән мұғалімі. 

Қазақ және ағылшын тіліндегі мақал –мәтелдеріндегі   ұқсастықтар мен ерекшеліктер

Мақал-мәтелдер – сөздік құрамының халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынаспен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын көңілді ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа әрі нұсқа тұжырымдама жасайтын,мән-мазмұнға байланысты бөлігі.Мақал-мәтелдер қай халықтың жан дүниесінің,тыныс-тіршілігінің айнасы; байлығын танытып қана қоймайды. Оның уақыт озған сайын құны артпаса, арзымас қазына екенін де сездірер белгісі.

Ал басқа тілдегі мақал-мәтелді біліп түсіну - бұл тілді жақсы меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой- бейнесін және мінез-құлқын түсіндіруіне көп үлес қосады,дәнекер болады.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Шетел тілін үйрену үшін мақал-мәтелдерді жаттап, аударма жасаудың көп көмегі бар.Қай елдің мақал-мәтелдерін алсақ та, барлығының басты ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы.

Иә, ХХІ ғасыр бүкіл әлемнің тұтасымен даму заманы. Ол әлбетте белсенді және жан-жақты болу дегеніміз, ол басқа дамыған елдердің мәдениетін ,оның ішінде өзменталитетімізге сай келетін жақсы жақтарын еліміз болса әлеуметтік экономикалық, саяси ақпарат және технологиясын алмаса білуі. Ал мұның маңызы шет тілдерін үйренуде жатыр.

Қай тілді меңгерсек те сол тілді болмасын,сол тілдің көркемдігін ,нақышын беретін шырайы.

Екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеметтік шаруашылық,рухани өмірінің бар саласын қамтиды.

Мақал-мәтелдердің ең бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақтылық байқалады. Онда басы артық бір сөз болмайды, барлығы өз орнында екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдердің бәрі негізінен жай сөйлем түріндегі тұрақты сөз тіркестеріне жатады, яғни олар түлғасы жағынан ұзақ уақыттан бері қалыптасып, белгілі бір формада тұрақталган, мазмұны жағынан біртұтастыққа ие болған жай сөйлем типтері. құрылымы жағынан қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің өзара ұқсастықтары жиі кездеседі:

1. Бұйрық райлы сөйлемдер:

1) Make hay while the sun shines-

Темірді қызғанда соқ.

2) Let sleeping dogs lie –

Жатқан жыланның қүйрығын баспа.

2. Болымсыз түрдегі бұйрық рай, яғни тыйым салу;

1)Never say die - Салық сұра кетпесін.

2)Don't count your chickens before they are hatced -

Тігілмеген етігіңді мақтама,

орылмаған етігіңді ақтама.

3. Шартты райлы сөйлем түрінде:

1)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар.

2)If it were not for hope, the heart will break- Үмітсіз шайтан.

  1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақал- мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин  сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры.  

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.


    1. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама халық игілігіне айналған

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды.

Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын "Маппеrs таке the тап", Маппеrs таке thе тап" (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Мысалы,Good таппеss таке the а тап.Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап thап thуsеlf аrt опе, Suffеr hіт fіrst tо tоисһ thе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің  мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады. 

Мысалы:

Ағылшын   мағынасы

The rotten apple injures its nature

Қазақша баламасы

Шірік алма табиғатын бұзады

Ағылшын   мағынасы

A little learing is  dangerous

Қазақша б аламасы

Шала оқу қауіпті

Жол білмеген

адастырады ,

Жөн білмеген

шатастырады .

Зерттеу барысында мақал-мәтелдерді бірнеше топқа сараладым. Зерттеу барысында мақал- мәтелдерді Елбасының кезектегі Жолдаудың ерекшелігі – ел Президенті « Мәңгілік Ел »- ұлттық идеясының 7 басты құндылығын негізге ала отырып 7 топқа сараладым.  Мәңгілік Елдің 7 басты құндылығы:

  • Қазақстан мен Астананың Тәуелсіздігі
  • Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім
  • Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық
  • Индустрализация мен инновация негізіндегі экономикалық өсу
  • Жалпы еңбек қоғамы
  • Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы
  • Ұлттық қауіпсиздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу
  • Қазақстан мен Астананың Тәуелсіздігі
  • East or west, home is best.- Отан оттан ыстық.
  •  So many countries , so many customs- Әр елдің салты басқа.
  • Rome was not built in a day.- Игіліктің ерте-кеші жоқ.
  • When in Rome, do as Romans do.- Римде болсаң, римдіктерше істе.
  • There is no place like home.- Өз үйім өлең төсегім.

  • Қоғамымыздағы ұлт бірлігі, бейбітшілік және келісім
  • .A man can die but once. - Ердің екі сөйлегені өлгені.
  •   A friend in need is a friend indeed.- Жақсы дос ашып айтар, жаман дос қосып айтар.
  • Friendless is poor.- Досы жоқ адам-кедей адам.
  • One man no man.- Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас .
  •  One is no number.- Бір сан емес, екі көп емес.
  • Four eyes see more than two.- Екі көзден төрт көз көбірек көреді.
  • A man is known by his friend or you know a man by his friend.- Адамды досынан таны.
  • No gain without pain.- Тірліксіз-бірлік жоқ.
  • Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық
  • A good beginning is half the battle.- Жақсы бастама-шайқастың жартысы.
  • Every man is the architect of his own mill.- Әркім өз өмірінің сәулетшісі.
  • Everything comes to him who wants.- Іздеген жетер мұратқа.


       4. Индустрализация мен инновация негізіндегі экономикалық өсу

  • Live and learn.- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
  • Business before pleasure.- Бейнет түбі-зейнет.
  • A good beginning makes a good ending.- Бітер істің басына, жақсы келер қасына.
  •  Nothing venture, nothing have.- Әрекет болмай, берекет болмас.
  • Жалпы еңбек қоғамы
  • Little strokes fell great oaks.- Еңбек етсең емерсің.
  • A cat in gloves catches no mice.- Еңбегіне қарай өнбегі.
  • No pains, no gains.- Еңбексіз-өнбек жоқ.
  •  Pride goes before a fall.- Еңкейген екі асайды, қайқайған құр қалады 
  • Тарих, мәдениет және тілдің ортақтығы

The language is a key of mood-  Тіл-көңілдің кілті

First think ,then speak  -  Айтылған оқ атылған оқпен тең

A closed mouth catches no flies  - Үндемеген үйдей бәледен құтылады.

Actions speak louder than words  -   Адамды сөзінен емес,ісінен таны

  • Ұлттық қауіпсіздік және әлемдік, аймақтық мәселелерді шешуге бүкіл елге араласу, қатысу 
  • A man can die but once. - Ердің екі сөйлегені өлгені.
  • What is done cannot be undone.- Айтылған сөз –атылған оқ.
  • A fool at forty is a fool indeed.- Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас.
  • As you make your bed, so you must lie on it- Шешінген судан тайынбас

Қорытынды

Мақал-мәтелдер халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі,ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлділігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады.

Мақалда айтылатын ой не туралы, не астарлы түрде беріледі және көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түріне келіп, көңілдегі ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым қорытынды пікір жасалмайды.

Ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құрылса,қазақ мақалдарының басым көпшілігі екі не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылап ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізілуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 7-том Алматы Ғылым 1983ж
  2. Ақыл көзі Алматы жазушы 1990 ж
  3. «Халық даналығы» әбдуәли Қайдар.Мақал-мәтел туралы пікірі
  4. Қазақ мақал-мәтелдері құрастырған:Ж.Дәуренбеков. Алматы .2001 ж
  5. «Сөз мәйегі», «Даналардан шыққан сөз » мақал-мәтелдер жинағы М.Әлімбаев
  1. «Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал №3 2009,№5 2010
  2. Ағылшынша-қазақша сөздік
  3. «Қазақ,орыс,ағылшын ,неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастығы және тәрбиелік мәні»
  4. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі мақал- мәтелдер жиынтығы.
  • Иманбаева К. Мақал-мәтелдерді қолдану//Ағылшын тілі мектепте,
  • 2006,№ 3
  • 12. Жабықбаев М.Қ. Мақал – мәтелдерді ағылшын сабағында
  •  пайдалану//Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері// № 3, 2005

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз