Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

«АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҮЙРЕТЕ ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ»


Хасанова Әсем

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

№266 мектеп-лицей

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Сондықтан еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын жаңашаландыруға, болашақтың иесі болар жас ұрпаққа шет тілін меңгертуге, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуге баса назар аударылуда.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында деп мұғалімдердің алдына зор міндет қойды”. Осы тағылымға орай жеке тұлғаның білімділігіне, қабілетіне ден қоя отырып, оның шығармашылық дербестігін дамытуға және өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу қажет.

Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

“Шығармашылық” сөзінің төркіні этимологиясы “шығару”, “ойлап табу” дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық  сөздікте  “шығармашылық  қайталанбайтын тарихи -  қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет”, - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С.Выготский “шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған ”[3]

Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. Оқушыны ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен қарай білуге , өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.  Бойында осындай мүмкіндікті туғыза отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретудегі мақсатым:

- оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуіне, ізденуіне ықпал ету, өзіне деген сенімін қалыптастыру.

- оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқау.

Шығармашылықпен істелетін жұмыстың мазмұны:

- өлең жаттау, аудару, әңгіме жазу, сурет салу, екеуара сөйлеуге мүмкіндік беру, мазмұндама жазу, қосымша оқулықтармен жұмыс, ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білу:

- пәндік олимпиадаларға қатыстыру;

- кәсіптік бағдар беру;

Білім мен тәрбиенің тұғыры тіл болғандықтан еліміздің жас ұрпағы алдында мемлекеттік тіл – қазақ тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылып отыр.

Бұл жайында елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында да ерекше аталып өтілген еді. Олай болса  “Тілдердің үш тұғырлығы” жобасын  басшылыққа ала отырып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін  алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу – ұстаздар алдында тұрған басты міндет. [5]     

 Психологтардың зерттеуі әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулып, ақыл- ойын, икемділігін дамыту қажет. Орта буын оқушылары шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты, белсенді айналысуға икемді жас деуге болады. Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Сондықтан әр оқушының ұқыптылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма беріледі. Мысалы: үй тапсырмасы өлең жаттау керек болса, кейбір оқушылар оны есіне сақтап жазады немесе сурет қылып салып береді, дыбыстарды көрсетіп, карточкалар жасайды, ұнатқан суретін салады да, сол бойынша әңгіме құрастырады, өзі сөзжұмбақ жасайды, берген сөзжұмбақты шешеді, бөлек дайындалған карточкалармен жұмыс істейді.[4]

Сыныпта оқушылардың шығармашылық дербестігін дамытып,өз бетінше еркін ойлап, жұмыс істеу мүмкіндігі туған жағдайда дарынды, қабілетті оқушылар ерекшелене бастайды.

“Дарындылық - бұл табиғатпен берілген ерекше қабілет”   

 Дарынды оқушыларды іздеу, оларды оқыту және тәрбиелеу қоғам үшін қажет. Осы тұрғыдан мен де өзім сабақ беретін сыныптардан шығармашылықпен жұмыс істете отырып қабілетті оқушыларды топтастыруды ұйғардым.

Осындай оқушылардың бірі – Бекеш Гүлжайна. Ол өз бетімен ізденгіш, өте қабілетті, еңбекқор оқушы. Гүлжайна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жақсы  оқитындықтан оның тіл байлығы да мол, сондықтан оның аудармашылық жұмыстары жақсы нәтиже берді. Төменде Гүлжайнаның тырнақалды жұмыстарының бірі:

   The rain is raining all around          Ақ жаңбыр себеледі айналада                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

   It falls on field and tree                    Селдетті егістікке де, ағашқа да,            

   It rains on the umbrellas here           Қолдағы шатырға да себеледі                                                                                                                                                                                                                                            

   And on the ships at see.                   Селдетті теңіздегі кемеге де.

Бұл өлең  оқылған кезде, сыныптастарының таңдана қараған көздерінен қызығушылық байқауға болды. Бұл кезеңде мұғалім оқушыға қатты ықпал жасамайды, сондықтан да оқушы оқу кезінде толық тәуелсіздікті сезініп, өзін осындай жұмысқа толығымен арнайды. Мұндай жұмыс түрі олардың шетел тілі пәніне қызығушылықтарын одан әрі тереңдетіп, ұстаздармен қарым – қатынас жасауын, ізденушіліктерін арттырады. Шығармашылықпен жұмыс істей білген оқушының көрсеткіші де жоғары деңгейде болады.                                                                                                       

Бүгінгі күн талабы – оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан  ағылшын тілі сабағында ойларын, тілдерін дамыту, сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырамын:

Мысалы: “Тыныс белгісін қой” Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сойлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды. Мысалы: “Where did you get it ?”

When uncle Peter came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good ages Where did you get it the boy answered  from the rat-trap.

Деңгейлеп оқыту технологиясын негізге ала отырып мәтінмен жұмыс жүргізу барысында мынадай тәсілдерді пайдаланып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

1. Мәтінді өзгертіп баяндау.

Бұл тапсырма оқушы деңгейіне қарай өте жақсы оқитын оқушыларға беріледі.

2. Мәтіннен іріктеліп алынған сөздердің антонимдерін анықтау.

Жұмыстың бұл түрі шәкірттердің сөздік қорының молаюына, тіл байлығының өсуіне тікелей ықпал етеді.

3.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.

Осы тәсілмен кез – келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Шәкірт өз ойын хабарлы сойлем түрінде баяндай білумен бірге сұраулы сөйлем жасаудың амал - тәсілдерін игеруге, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыруға жаттығады. [1]

 Келесі тапсырма түрі “Мәтін құра” Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша сөйлемдердің орны ауыстырылып беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелеп беруін талап етемін.

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін, бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пайдалы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде “жақсы-жаман” “Good - bad” ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамауы керек.

Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мақалдардың қазақша, орысша баламасын тапқызуға болады. Мысалы:

1.There is no smoke without fire.

Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.

Нет дыма без огня.

2.East or West, home is best.

Өз үйің өлең төсегің.

В гостях хорошо, а дома лучше.

Келесі бір тапсырма түрі “Тақырыбын тап”. Тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді. Мысалы: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

Оқушының шығармашылығын дамытуда дамыта оқыту технологиясын да қолданамын.

Дамыта оқытуда ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын істeрдің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.[2]

Тіл дамыту жұмыстарының бір түрі - шығармашылық жазба жұмыстары. Жазба жұмысын жазарда мұғалім оқушыға міндетті түрде бағыт - бағдар беруі керек. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты-логикалық ойлaуды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Осыған орaй кейде ой - толғау түрінде оқушыларға “Мен кіммін?” “ Who am I ? ” деген тақырыпты жазуға тапсырма беремін. Менің бұл арадағы ұстаздық міндетім - әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына дарыту, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру.

Өз сабақтарымда жоғарыда айтып өтілген  шығармашылық жұмыстың нәтижесін мынадай мониторингтен көре алуға болады.

Кесте 1. Білім – білік дағдылары бойынша ағылшын тілі пәнінің көрсеткіштерін есепке алу  I жарты жылдық.

Аты-жөні

Сөйлеу

Оқу

Жазу

Тыңдап түсіну

Грамматика

Қорытынды

1


4

5

4

5

5

4,6

2


4

5

4

4

5

4,2

3


5

5

5

5

4

5

4


5

5

5

5

5

5

5


5

5

5

5

5

5

6


5

5

5

5

5

5

7


3

3

3

3

5

3

8


4

4

4

4

3

4

9


3

4

4

4

4

3,8

10


4

4

4

4

4

4

11


5

5

4

5

4

4,6

12


4

4

4

4

4

4

Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есіне ұстауы қажет :

баланың бойындағы құмарлығын , қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. 

Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын , ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру.

ӘДЕБИЕТТЕР

Ахмарова М. Райымбек ауданы, І.Жұмағұлов атындағы орта мектеп, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері // Ағылшын тілі: мектепте, 2009, №3, 29-30беттер

Имангалиева М.Н Абай атындағы мектеп-гимназиясының шет тілі пәні мұғалімі.  Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу // Шет тілін оқыту әдістемесі, 2011, №1, 32-33беттер

Малюкова Г.Ш Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №20 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Жеке тұлғаның қабілеттілігін дамыту – дарынды тұлғаны тәрбиелеу //Иностранные языки в школе, 2011, №1, 3-8беттер

 Рамазанова Н.  Абылай хан атындағы орта мектептің ағылшын пәні мұғалімі.  Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту // Ағылшын тілі: мектепте, 2008, №3, 15-17беттер                                                                           

Сағымбекова Ш. Астана гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы. Тілді меңгеру – уақыт талабы// Білім технологиялары, 2010, №2,  43-46 беттер

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз