Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


 

 Умирзакова Карлыгаш Сарсембаевна

Қазалы ауданы  С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі

 

Аңдатпа 

Қазіргі таңда білім мазмұнын жаңа сипатта айқындау педагогика салаларының  негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, мақалада жаңыртылған білім беру мазмұнында жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі тұжырымдары ұсынылады. 

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу оқыту үдерісіне түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Тұлғаға бағытталған оқу үдерісі оқу мазмұны жаңартылған жағдайда тұтас педагогикалық үдеріс ретінде тәрбие сипатын өзгерту қажет. Жаңартылған мазмұнда білім берудің де міндетті шарты, басты талабы ұлттық  салт-дәстүрімізді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтау болып табылады.

Қазіргі заманауи педагогтардың алдында ұлттық құндылықтарымызға қайта оралып, жастарды ұлттық сипатта тәрбиелеу міндеті тұр. Білім алушының тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын бірден-бір қоғамдық институт – жоғары білім беру ұйымдары.

Жоғары оқу орнында білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері тұлғаның ұлттық сана-сезімін, ұлттық мүдде мен құндылықтар бағдарын бағамдау басым бағыттар ретінде белгіленген. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әзірлеген «Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасында» ұлт денсаулығы, ұлттың зияткерлік әлеуеті, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі, еліміздің тұтастай ұлттық қауіпсіздігі қарастырылған. Осы мәселелерді шешуде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жастар тәрбиесінің өзегіне айналуы тиіс.  

"Мәңгілік Ел" идеясының басты мұраты ұлттық сана-сезімі, патриоттық  рухы, тарихи санасы қалыптасқан, кәсіби біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейлі жоғары, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын сақтау бойынша белсенді әрі шешуші әрекеттерге даяр мамандардың жаңа буынын тәрбиелеу. 

Тірек сөздер: жаңартылған мазмұндағы білім беру, Назарбаев зияткерлік мектептері, рухани-адамгершілік

тәрбие

 

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне ену үдерісін жүзеге асырып жатыр. Уақыт пен қоғамның талабына сай білім беру жүйесі күрделі де ауқымды өзгерістерді басынан кешіруде. Сол өзгерістердің негізін жаңа мазмұнды білім беру мәселесі құрап отыр.  

Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыруды көздеген заман талабы. Оның негізгі  ерекшелігі  білім беру парадигмасына қойылатын талаптың мазмұнының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру құзыреттілікке негізделген білім берумен ауыстырылады. 

Заманауи мектептің мақсаты өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», - деп көрсетілген [1,3]. Демек, жаңа мазмұнды білім беру жүйесін жүзеге асыруда:

жедел даму үдерісінде өмір сүруге бейім;

өзіндік дамуға қабілетті, өз ойын еркін айта білетін;

қоғам талабына өзін бағыттай білетін;

жоғары білімді;

ұлттық тарихты жетік меңгерген;

ұлттық  және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған;

бәсекеге қабілетті;

шығармашылдық әлеуеті жоғары тұлғаны қалыптастыру болып отыр. 

Қазіргі кезде мемлекетіміздің білім сапасын арттыруға бағытталған мақсатты шешуге көзделген түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Білім беру мазмұнын жаңғырту кез-келген реформалық үдеріс секілді алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі. Ол  кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелер сараланып, талданып, қажет түзетулер енгізіліп отыратын үдеріс.

 Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», - деген болатын [2].  Жаңартылған мазмұнда білім берудің де міндетті шарты, басты талабы -  ұлттық салт-дәстүрімізді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды сақтау болып табылады. Сондықтан 12 жылдық оқуға көшу оны жүзеге асырудың қажеттілігін, оның нәтижесін, тиімділігін бүгінгі жағдайда осы үдеріске қатысатын әрбір педагогқа, әрбір ата-анаға ұғындырумен қатар жүруі тиіс. 

Жаңа мазмұнды білім беруге көшу арқылы еліміздің қазіргі білім беру саясатының бағыттарын іске асыруға мүмкіндік туады.  Сол мүмкіндік арқылы отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге болады, ол үшін:

барлық азаматтарға  сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер қарастыру;

оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін дамыту; жауапкершілікке баулу;

адам құқықтарына құрметпен қарау;

ұлттық мәдениетке құрметпен қарау, сонымен бірге  жастарды толеранттыққа баулу;

қоғамда табысты әлеуметтену дағдысын  қалыптастыру;

оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамытуды білім беру сатысының әр деңгейдегі жас ерекшелік мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара байланыстыру;

жеке білім беру траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру;

ақпараттық технология мен шетел тілін ерте жастан оқу;

тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және оның негізінде көптілді тұлғаны қалыптастыру [3].

Жаңа мазмұнды білім беру педагогтың оқу үдерісіне, оқушыға, мұғалімнің өзінің рөліне көзқарасының түбегейлі өзгеруін талап етеді. Дәстүрлі сабақтарда білім алушылардың ойлау, даму деңгейіне аса мән берілмей, көбінесе оқу материалын талдаусыз дайын күйінде білім берілгендіктен мұғалім сабақты жүргізгенде өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы қызметін атқарып, ал оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, қазіргі оқушы өздігінен білім алуға мүдделі жеке тұлғаға айналды. Мұғалім дұрыс бағыт берсе, оқушы нәтижелі білім сапасын көрсетеді. Жаңа мазмұнда білім берудің басты ерекшелігі осы заман талабына сай білім беру жүйесін өзектендіру, білім алушылардың өзін білім алуға құлшындыру, шабыттандыру болып табылады. Оқушылардың өздеріне сұрақ тудыру, сол сұрақтарға жауап іздеу, әр үлкен сұрақтар мен ситуацияларға өз пікірін айтуға  және оны дәлелдей алуы, сондай-ақ басқалардың пікірін тыңдау, оған келісу немесе контраргументтерді келтіру, айтатын ойына дәлел келтіру, дәлелдерді іздеу және дәйектей алу құзыреттілігі олардың іс-әрекетінің басымдығы ретінде айқындалып отыр.

Стандарттар, оқулықтар, бағдарламалар бойынша «оқытатын» репродуктивті технология өткен күннің құзырында қалды. Шынында ақпараттар тасқыны ағылып жатқан бүгінгі заман сол тасқынға төтеп беру үшін жаңаша ойлауды қажет етеді. Осы орайда, жаңа білім беру мазмұны «жаттау, қайталау, көшіруден» шаршатқан, «сахна төрінде» тек мұғалім орналасып, ал оқушының сахна сыртында қалуын дәстүрге айналдырған тығырықтан шығудың тура жолы десек артық айтпағанымыз. Өйткені шәкірт өздiгiмeн aқпapaт, фaктiлep, epeжeлep мeн қaғидaлapдaн дepбec түciнiк, oй, идeя, тұжыpым құpacтыpaды; (peфлeкcия) apқылы өзiн-өзi «түpлeндipугe», өзiнiң тұлғacын өзгepтугe ынтaлaндыpaды; oны өзiн-өзi жeтiлдipеді.  «Үйрету мүмкін емес, үйрену ғана ықтимал» деген қағидаға негізделген бұл бағдарламаның басты бағыты – оқушының білім көлемін тек ғана көбейтуге емес, оқушыға білімді өз бетімен алу тетіктерін үйретуге арналған білім беру жүйесі. 

Қазіргі заманның талабы өте жоғары, ол мамандардан белсенділікті, шығармашылық ізденістерді, сонымен қатар бәсекелестікке төтеп бере алуды талап етеді. Осыған сәйкес білім беру саласындағы болып жатқан оң өзгерістер осы қажеттіліктерді өтеуге бағытталған. Еліздің заманауи жоғары білім беру жүйесіндегі қолданылып жүрген кредиттік жүйе білім алушыға оқу үдерісін өз қалауымен жоспарлауға мүмкіндік беретін дәстүрлі оқыту жүйесінен тыс оқу жүйесін ұйымдастыру жолы. Ол оқу жүйесі шеңберіндегі білім беру траекториясының кезеңдік, жүйелік негіздерінде және таңдаулары бойынша студенттердің өзін-өзі оқыту мен білімді шығармашылық жолмен игеру деңгейлерін көтеруге бағытталған. 

Бүгінгі таңда мемлекет басшысы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге енгізуді білім саласының басты міндеті ретінде айқындады. Елбасы: «Бүгінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер халықаралық стандарттарға сәйкес ойдағыдай жұмыс істеп отыр. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін Қазақстандағы бүкіл білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне шығару керек» деп тапсырма берді [4]. 

Қазіргі заманауи педагогтардың алдында ұлттық құндылықтарымызға қайта оралып, жастарды батыстың кейбір бей-берекет іс-әрекетіне еліктеуден «құтқару» мәселесі тұр десек артық болмас. Жас буынды ұлттық сипатта тәрбиелеп, оның тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын бірден-бір қоғамдық институт – жоғары білім беру ұйымдары.

Жоғары оқу орнында білім алушы жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері біршама ғылыми зерттеулерге арқау болды. Аталмыш зерттеулерде тұлғаның ұлттық сана-сезімін, ұлт болмысы туралы ой-пайымдарды, ұлтымыздың тарихына, бүгіні мен болашағына деген көзқарасты, ана тілін үйрену мен төл мәдениетті зерделеу, ұлттық мүдде мен құндылықтар бағдарын бағамдау басым бағыттар ретінде белгіленген. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әзірлеген «Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасында» жастардың рухани-адамгершілік деңгейінің төмендеуі келесі деңгейлерде тікелей көрініс тапқандығы айтылған: ұлт денсаулығы; ұлттың зияткерлік әлеуеті; ұлттың бәсекеге қабілеттілігі; еліміздің тұтастай ұлттық қауіпсіздігі [5]. Осы мәселелерді шешуде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жастар тәрбиесінің өзегіне айналуы тиіс.  

Ұлттық сана-сезімі, ұлттық және патриоттық рухы, тарихи санасы мен әлеуметтік жады қалыптасқан, кәсіби біліктілігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейлі жоғары, тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді әрі шешуші әрекеттерге даяр мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу "Мәңгілік Ел" идеясының басты мұраты. 

Еліміз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, білім берудің стратегиялық курсын таңдады. Бүгінде 12 жылдық білім беруді жүзеге асыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті мамандар даярлау ісі кеңінен етек жаюда. Қазақстан Республикасында білім беру жаңартылған білім беру мазмұны негізінде жүзеге асырылуда. Білім мазмұнын жаңарту дегеніміз білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жаңартылған білім берудің негізгі бағыты мен мақсаты былайша анықталған: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек» [6]. Яғни,  қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс [6].

Аталмыш мақсат, міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың инновациялық әдістерін, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту барысында тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Бұл дегеніміз мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген  маңызды сұрақ төңірегінде ойланатын тұлға қалыптастыру қажет деген мәселе [7]. Осы орайда «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ оқушының бойында «не үшін өмір сүру керекпін?» деген сұрақты туындату қажет деп ойлаймыз. Білімнің рухани сипаты болмаса, адамгершілік, ізгілікті қасиеттерге жетелейтіндей болмаса ондай білімнің маңызының көлемі бір тұтам ғана болмақ. Ел игілігіне қызмет ететін, өз елін, Отанын, туған жерін сүйетін, рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлға ғана еліміздің шынайы патриоты болмақ. «Мәңгілік Ел» идеясы негізінде жастарға рухани адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты да осы. Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның адамгершілік санасының дәрежесін, мінез-құлқы және ісәрекетін анықтайды. Рухани-адамгершілік тәрбиенің нәтижесі тұлғаның қоғамдық жоғары қасиеттері, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында қалыптасып, дамиды. Сөйтіп, қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі ретінде тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Қазақ халқы баланы бесіктен тәрбиеге баулып, қайрымдылық, мейірбандық, ізгілік, мейрімділік, инабаттылық, жомарттық, қарапайымдылық сынды қасиеттерді дәріптеген. Жас ұрпақтың ар-ұятын, намысын қайрап, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға тәрбиелеген. Адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы баланың жақсы әрекетке сенімін арттыру, қажеттілігін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік өзекті. Келешек қоғам иелерін кемел жетілген, ақыл-парасаты мол,  өрісі кең, ата-бабамыздың арманы «Мәңгілік Ел» рухында тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

Концепция 12-летнего среднего общего образования в Республике Казахстан // Бiлiм беру мекемесi басшыларының анықтамалығы= справочник руководителя образовательного учреждения. – 2007. – N2. – С.5-15. – 2007. 

Назарбаев Н.Ә. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар. – Астана, 2017. 

12 жылдық білім беру жүйесінің артықшылықтары /https://massaget.kz  

12 жылдық оқыту бағдарламасы: 1-сынып көш бастайды // «Ақтөбе» облыстық қоғамдық саяси газет. –               13 ақпан, 2014 ж.  

Қазақстан ЖОО-ларында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру тұжырымдамасы. – Алматы, 2015 

ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010.  

Қойшекен С.Ж. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары және мәні. м

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз