Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

XIX ғасырдың 2-ші жартысы – XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстандағы шоқындыру саясаты


XIX ғасырдың 2-ші жартысы – XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстандағы шоқындыру саясаты

Айдархан Әбдіқадыров-магистрант

Өтеубай Қожақұлы

Тарих ғылымдарының докторы, профессор

 

 Ресей империясы қазақ даласын толықтай жаулап алғаннан кейін, отар аймақты өркениетті елдерге тән ағартушылық, ізгілік, халқына білім беріп, оның қоғамдық-саяси санасы мен мәдениетін көтеру емес, қайта оларды өзінің қасиетті ана тілінен, ғасырлар бойы ұстанған дінінен, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінен айырып, рухани жағынан күлдынта, мәңгүрттік болмыста ұстау сияқты мақсаттарды көздеді. Қазақ халқын шоқындыру патша шенеуніктері мен шіркеу миссионерлерінің негізгі міндетіне айналды.

   Патша өкіметінің жергілікті халықтарды «сауаттандыру ісінде», әкімшілік органдарға ең жақын, жанашыр көмекшілері православтық шіркеумен оның миссионерлері болды.

   Түркістан өлкесінде миссионерлік _ әрекетімен көзге түскен, православиялық шіркеудің ең белсенді миссионерлерінің бірі, Н. И. Ильминский 1860 жылы «Қазақтар мұсылман емес, олар шамандар. Сол
себептен оларды христиан дініне кіргізу оңай болады» [1, 90-91] - деп, орталық үкіметке баяндаған болатын.
   XIX ғасырдың ортасында қазақ қоғамында сол кездегі отырықшы өзбек, татар сияқты түркі халықтары мен салыстырғанда Ислам діні көшпелі қазақ
қауымы арасында әлі де болса толыққанды орныға қоймаған еді.

   1886 жылы орыстық білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосушы
ретінде, патша әкімшілігі тарапынан құрметтелген Н. П. Остроумов,
православ миссионерлері бірлігінің жиырма жылдығына арналған «Көшпелі
халықтар христан діні мен мәдениетін қабылдауды қалай ма?» атты жиында,
миссионерлердің негізгі назарын қазақ даласы мен Түркістан аймағына аударып: «Ресейге бағынатын азиялық көшпенділердің адамдық және мәдени
тұрғыдан жетілуі және православтық орыс халқы мен бірігуі үшін,
христиандықты қабылдаудан басқа жолы жоқ. Егер азиялық көшпенділер
христиан дінін қабылдамайтын болса, мұсылмандықты қабылдап, еліміздің
дамуын тежейді, саяси үстемдік пен тұтастыққа қатер төндіреді» [2. 15-17| -
деп, қорытындылады.
   Отарлық билік жүйесі оңтүстік өңірді жаулап алған күнінен бастап-ак, жергілікті халықты өздерінің исламдық діни сенімдерінен ажыратып, христиан дінінің православтық ағымына сиындыру бағытын ұстанды. Бұл
мақсатты жүзеге асыруда патша өкіметі бірнеше айла-тәсілдерге де көшкен еді, сонымен қатар мұсылман халықтарының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеуді, жергілікті әкімшілік орындарына міндеттеме ретінде
қойды. Бұл мәселені орталық үкіметтегілер әрдайым өздерінің назарында
ұстап отырды. Яғни, патшалық билік бұл мәселеге ең күрделі істердің бірі
ретінде, жылдар бойы өздерінің тікелей қадағалауларында ұстағандығын
ангаруға болады.
   Алғашқы кезде Н. И. Ильминский мен Н. П. Остроумов секілді миссионерлердің табандылығы арқасында, қазақтар мен орталық азияның
түріктік сипатына қатысты, миссионерлердің қатан ұстанған қағидаларында,
түрік халықтары қолданатын алфавитті ауыстырудың қажеттілігі бірінші
кезекте шықты. Н. И. Ильминский мен Н. П. Остроумов: «Алфавит әрдайым
дінмен бірге қабылданады. Мысалы, Батыс Еуропа латын алфавитын латын
шіркеуі, орыстар кирилл алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаса,
татарлар, қазақтар мен басқа да түрік халықтары, мұсылман елдері сияқты
араб тілін ислам діні арқылы қабылдады. Араб тілі, түрік халықтарын
мұсылмандыққа жақындастырған ең маңызды жағдай болып табылады. Сол
себептен де түрік халықтары жазуының күшін жойып, орнына кирилл
алфавитін әкелсек, олар әрі христандықты қабылдайды, әрі мұсылмандықтан алыстайды» [3. 90] - деп, өз пікірлерімен бөлісті. Бірақ, олардың бұл жобалары іске асырылмай қалды.
   Ресей империясының оңтүстік өлкеде жүргізген миссионерлік саясатын
былайша қарастыруымызға болады. Олар:
   - өлкеде миссионерлік ұйымдар мен мекемелердің ашылуы және
олардың қызметі, нәтижелері;
   - отарлық әкімшіліктің христиан діні мамандарын даярлаудағы үлесі
мен шоқындыру үрдісінің барысы;
   - ұлттарды біріктіру мен араластыру ісін халық-ағарту саласы негізінде
жүргізу;
   - Сырдария мен Жетісу облыстарына орыс шаруалары қоныстандыру
саясаты арқылы шоқындыру ісін жүзеге асыру көзделді.
   Патша үкіметі бірте-бірте күшіне еніп, қазақ елін әскери отарлап қана қоймай, жергілікті халықты рухани құлдыққа түсіру мақсатын жүзеге асыра
бастады. Осы орайда - отарлық әкімшілік бар тәжірибесін пайдаланып,
алғашында қазақ халқын шоқындыру ісін көздеп, кейіннен орыстандырудың
әдіс-тәсілін жетілдіріп, қазақтарды орыс ұлты мен мемлекетіне кіріптар
етуді мақсат тұтып. Бұл жоспарды жүзеге асырудан бұрын, қазақ халқын
ғасырлар бойы сыйынып келген ислам дінінен айыру керек деп белгіленді.
Әскери отарлау барысы толықтай аяқталғаннан кейін, оңтүстік өңірге
жіберілген орыс империясының әскери-азаматтық істер жөніндегі шенеуніктері, яғни, генерал-губернаторлар, әскери губернаторлар және
христиан дін басылары алғашқы күндерінен бастап-ақ ислам дініне қарсы
күрестерін жоғары сақтықпен бастауға тырысты. Түркістан генерал-
губернаторлығының орталық басылымы, яғни, "Туркестанские ведомости де" бұл жөнінде: «Түркістан өлкесі тұрғындарының өмірі мен тұрмысы,
этнографиялық, ұлттық және құқықтық ерекшеліктері, олардың әдет-ғұрпы,
тілі мен діни көзқарастарын толыққанды әрі жүйелі зерттеу ісі, жергілікті
әкімшіліктің негізгі міндеті мен мақсатына айналуы тиіс» [3. 91-92] - деп,
жазылған.

   Миссионерлер кауымы, Остроумовтын тiкелей басшылыгымен  «Түркiстан халыктарынын рухани болмысын» зерттеуге багытталган бағдарлама болатын. Бағдарлама Н.П. Остроумов - мұсылман халыктарынын, соның ішінде,  қазақ ұлтынын мұсылмандық пен ислам дініне деген ұстанымын тексеpiп, кейніннен оларды шоқындыруды ойластырды. Дайындалған құжатта жергілікті орталық әкімшілік мектеп, мешіт, медреселердің сандық есебiн жургiзуге, орыс-түземдiк мектептердiң тұрғылықты ұлт өкiлдерiн орыстандыру жолындағы  жүргізіп жаткан ic-шараларын аныктауға, патша өкiметiне қарсы өлкеде орын алуы мүмкін, теріс "пиғылдардын" алдын-алуы мiндеттелдi. Сонымен катар, Сырдария мен  Жетiсу облыстарына қоныс аударіан орыс шаруаларының есебiн жүргізіп,  коныстанушылардың мекен-жайы, селолары мен поселкелеріне, шіркеу мен діни мектептер құрылысына Әулие Синодпен, халық ағарту басқармалары өз қаржыларынан кажеттi мөлшерде ақша бөліп тұруға уағдаласты [4. 54]. Н.П. Остроумов бастаған миссионарлер тобына, Жетісу облысына карағанда, Сырдария облысында христиандық діни ілім  тарату өте қиынға соқты. Бұған өзiндiк себептер де бар болатын, яғни, Оңтүстік уездердегi сарттар мен бұқарлыктардың ислам мен мұсылманшылдыққа байланысты ұстанымдары қазақтарға қарағанда бiраз ілгері еді, осы жағдайлар миссионерлердiң бұл облыста қажырлы еңбек етулерiн керек етті. Маселен, Н.И. Ильминский Әулие Синодтын обер-прокурорына жазған хатында, шәкipтi Остроумовқа үлкен үмәт артатынын, оның  бұл ауданда миссионерлік қызметiн жоғары белсендiлікпен аткаратынына сенiм білдіреді. [3. 91].
   Сол уақыттардағы Түркістан өлкесiндегi әлеуметтiк-қоғамдық жағдайды
қарастыра отырып, Ресейдiң Онтүстік Қазақстан өңіріндегі  көздеген мүддесiн, академик А.Н. Кононов өзінің  «История изучения тюркских языков России» атты енбегiнде: «Для политики экономического освоения восточных окраин российской империи, было необходимо их предварительное, идеологическое освоение путем привлечения живущих там народов и народностей в лоно православной церкви. Решение этой задачи взяли на себя православные миссионеры, которые проходили курс специальной подготовки в особых учебных заведениях для овладения языком и ознакомления с бытом и обычаями своих будущих подопечных» [3. 90] - деп, ашик корсетедi.
   Қазақстан мен Орта Азия жерлерiнде православиялық миссионерлердiң
идеялық жетекшici басшысы Н.И. Ильминский, Түркiстан өлкесiнде көптеген діни мектептер мен орталықтардың ашылуына тiкелей себеші еді. 1867 жылы Н.И. Ильминскийдiң басшылығымен Қазан қаласында "Әулие Гурия" атты миссионерлiк ұйымы құрылды. Ұйымның бөлiмшесi Түркістан епархиясынан да ашылып, жергiлiктi отарлық жүйенiң шенеулiктерi мен православиялық діни басшылық өкiлдеpi кiрдi. Мәселен, ұйымға Ташкент пен Түркістан епископтары, Түркістан генерал-губернаторы барон А.Б. Вревский, Жетісу облысынын әскери губернаторы, инфантерия генералы Г.А. Колпаковский, 1883-1901 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы гимназияның директоры, «Туркестанская туземная газетасының» көпмжылдық редакторы қызметтерін атқарған Н. П. Остроумовта кірді. ОстроумовмН. П. өмірінің басым бөлігін ислам дінін зерттеумен айналысып, қазақ халқынмшоқындыру жолында тынымсыз еңбек етті [4. 56].
   Жоғарыда келтірілген лауазымды шенеуніктер аймақтық ұйымның негізін қалап, халықты шоқындыру мен орыстандыру ісінде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды. Мысалы, отаршыл биліктің орыстандыру саясатын жүргізуші миссионерлердің пікірі бойынша: "…орыстану ұғымы: орыс тілі, орыстық әдет-ғұрып, орыстық сот және де басқа орындық құндылықтар, дін бірінші кезекте, бір сөзбен айтқанда орыс рухы» [4. 59].
  Зерттеуші В. М. Горохов, Н. И. Ильминскийдің өмірі мен қызметін және шығармаларын зерттей келе, оның тюркология мен педагогика бағытындағы
жазған еңбектері тек миссионерлік оймен жазылғандығын атай отырып, Н. И. Ильминскийдің түркология мен шығыстану саласына ешбір жаңалық енгізбегенін жазып, Қазан академиясының құрметті профессоры болғандығын атайды [5. 37].
   1846 жылы Қазан академиясын бітіріп шыққан Н. И. Ильминский, отар аймақтарға миссионерлік қызметшілерді дайындау максатында ашылған
«Мұсылмандыққа қарсы бөлім» кафедрасының меңгеруші қызметін және де
1847 жылы  қалыптасқан «аудармашылар  комитетінің» басшылық қызметтерін атқарды. Комитеттің негізгі мақсаты, православие дінінің қасиетті кітаптарын жергілікті ұлт тілдеріне аудару болып белгіленді.
   Түркістан өлкесіндегі жергілікті ұлт өкілдерін тілі мен дінінен айыру арқылы, орыстандыру мен шоқындыру саясатын ұстанған орыс өкіметі,
Мәскеу қаласында 1896 жылы арнайы миссионерлік қоғам құрып, оған отар
аймақтарда саяси-идеологиялық міндеттерді жүзеге асыру тапсырылды. Сол
жылы Петерборда патшалық әкімшіліктің іс басқарушысы статс-хатшы
Корнилов қол қойып, ұйымның жарғысын бекітіп, мақұлдады. Ұйымның
жарғысы төрт тарау және 64 тараушадан тұрып, негізгі алға қойылған
мақсаттарының біріне империя құрамындағы отар жерлердегі халықтарды
шоқындырып, орыстандыру арқылы Ресей мемлекеті мен орыс халқының
құрамына «араластырып жіберу» болды. Оңтүстік өңірде жүргізілуге
бағытталған миссионерлік саясат тікелей империялық мүддеден туындап,
оған жоғары санатты билік тікелей басшылық жүргізіп отырды. Мәселен, бұл жөнінде жарғының кіріспе бөлімінде былайша көрсетілген: «Православное Миссионерское Общество состоит под Всемилостивейшим покровительством ee Императорского Величества Государыни Императрицы» [5. 12].
   Христиандық діни ілімді қазақтар арасында насихаттау ісі өлкеде миссионерлік қоғамның бөлімшелері ашылған соң кең өріс жая бастады. 1899 жылы 28 мамырда Мәскеу митрополиті Владимирдің ұсынысы бойынша, Түркістан епископы өлкеде «Православиялық миссионерлік қоғамның» бөлімшелерін ашуды қолға алды [5. 18]. Осының нәтижесінде, 1901 жылы11 қарашада Верный қаласында ресми түрде епархилық комитет құрылып, оның құрамына қаланың ірі қызметтік шенеуніктері мен әскери шенді адамдары, көпестері енді 5.31].
   Миссионерлік қоғам әрдайым Әулие Синодтың бақылауында болып,
ұйымның төрағалығын мәскеудің митрополитеті жүргізіп отырды. Арнайы
ашылған епархия, Түркістан өлкесінің халқын шоқындыруда саяси мәселелер мен айналысты. Түркістан епархиясының 1901-1902 жылғы «Шіркеулік және коғамдық білім беру мектептерінің» есебінде, епархияның бақылайтын аймағы анықталып, көрсетілген. Онда: «Түркістандық епархия 939683 шаршы версті алып жатыр, бұл аумаққа бүкіл Түркістан өлкесі мен Дала генерал-губернаторлығының бір облысы кіреді. Епархия құрамына төрт облыс, 19 уезден құралған бір бөлімше және 8 аймаққа бөлінген үш участоктан тұрады» [5. 5] - деп, православиялық діни басшылықтардың
аймақтарға қарай миссионерлік ұстанымдарын анықтап, белгілеу қажеттілігі
айтылды.
   XIX ғасырдың соңғы он жылдығында Қазалы, Перовск, Түркістан және
Шымкент уездерінде орыс қоныстанушыларының арта түсуіне байланысты,
әрбір құрылған село мен поселкеде приходтық орындар кеңінен ашыла бастады. Ашылған приходтар орыс шаруаларының сыйынатын орталығына
және жер мәселесін талқыға салатын орынға айналды. Приходтарда православие дінінің қасиетті кітаптары көптеп сақталып, олар орыс
шаруаларының балдары білім алатын ошақтарға айналып, жаңа шоқынған
жергілікті ұлт өкілдерінің де келіп, православиялық діни білімін тереңдететін орталық қызметтерін атқарған, сонымен қатар, олардың құрамына он шақты оқушыға жоспарланған шіркеулік мектептерде жұмыс істеді. Кейбірдеректердің бірінде, «Орыс қоныс аударушыларының жаңадан қалыптасыпжатқан поселкелерінде, приходтық мектептердің ашылуының басты әрінегізгі мақсаты, жаңа шоқынған қазақтарды христиан дінінде мықтап ұстаптұру және олардың орыстармен етене жақын араласуын қамтамасыз етуүшін, орыс поселкелерінде орыс-түзем приходтық мектептерін көптеп ашукерек» [6. 24] - деп, приходтардың ашылу мақсаты мен міндеттерін ашық белгілеп берді.
   Шіркеулік приходтық мектептердің саны артқанымен онда оқитын балалар саны аз еді. Осынау мектептерге окушыларды тарту барысында жергілікті әкімшілік өкілдері қазақ халқын қорқытып, балаларды жинау барысына көшкен еді. Оқушы балаларды мектепке келтірудің айла-тәсілдерін  қостанай уезінің басшысы былай көрсетті: «У меня приказчик - киргиз не несет детей. Я предложил ему отдать сына церковно-приходскую миссионерскую школу. Тот не согласился, и  я пригрозил увольнением. Три дня плакал приказчик и отдал наконец сына, затем кое за кем дольщики были по векселям, -  вот и набрались ученики» [6.26].  Мұндай жағдайлар Түркістан өлкесінде де көптеп кездесті.
   Осылайша, Христиан дінінің миссионерлері мұсылман дініндегі халықтарды шоқындырып, олардың аттарын өзгертуге әуес болды. Мәселен,
Перовск қалалық училищесі шәкірттерінің бірі, Торғай облысының қазағы Қыпшақ Жұманыхожинов, Қостанай қаласында христиандықты қабылдап, аты жөнін Алексей Петрович степанов деп өзгертті.
   Патшалық әкімшіліктің бұл әрекеттері, яғни христиан миссионерлері жүргізген шоқындыру саясаты бірте-бірте нәтиже бере бастағандығын көруге болады. Бірақ, шоқынған қазақтар негізінен әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтан, мәжбүрліктен осындай әрекеттеріе барған. Орын алған осындай іс-әрекеттерді, 1914 жылы «Қазақ» газетінің бетінде «Жержұмысына дін жұмысын қыстырмалау» деген мақала жарияланып, онда:«Алтай һәм қазақ миссиясының 1893 жылғы есебініе, … христиан дінін онай кабыл еткіштер - жарлылар» [7. 84]- деп, келтіріледі.

   Ресей патшалығының өлкедегі шоқындыру, орыстандыру саясатының іске асырылуы барысын, Қ. Кемеңгерұлы "Қазақ тарихы» атты еңбегінде былайша көрсетті: «Қазақты шоқындыру саясаты туды. Мұны орындау үшін
ел арасына миссионерлер шыға бастады. Бұлардың ісі ұлттыққа зияндығы
сезіле бастаған соң, қазақтар қарсы құрал қылып, исламға өте бейімделді.
Дүниеге қызығып шоқынған орыс қалаларындағы қазақ жұмыскерлерден,
ашаршылық жылдарда өлім халіне жеткендерден, рудан пана таба алмағандардан бірен-саран шоқынғандар болды" [8. 25-26].
   Бұл жағдайды _ отарлық билікте мойындайды. 1902 жылы
«Землевладение» газетінде жарық көрген И. М. Головачевтың мақаласында:
"…олар отырықшылыққа, егіншілікке және православияға өте аз көлемде
өтуде. Православияны көбінесе кедей қазақтар қабылданды" [6] - дейді.
   Мәселен, Сырдария облысында әкімшілік орындарының қолдауына
сүйенген миссионерлердің шоқындыру жолындағы әрекеті нәтижесінде 1897 жылы қазақтардан 75, татарлардан 32 адам христиандықты қабылдады [6.22-23]. Ендігі кезекте, отаршыл билік жергілікті жерлерде христиандық дінимекемелерді ұйымдастыруға көшті. Мәселен, Әулиеата каласында Әулие Синодтың бастамасымен шіркеу құрылысы басталды. Құрылыс барысын бақылау үшін арнайы комитет құрылды. Бұл комитет Әулие Синодтың бөлген қаражатының жеткіліксіз екендігін айтып, Сырдария облысының әскери губернаторына, Әулиеата уезіндегі шіркеу құрылысына, жергілікті халыққа салық салу арқылы қажетті қаражатты жанарын сұрады Бұл туралытарихи деректерде: «1869 жылдан 1897 жылға дейінгі аралықта Түркістанда290 млн. рубль ақша шығындалып, кіріс сомасы небәрі 158 млн. рубльдіқұрады. Сол себепті-де шіркеулер мен шірксулік училищелердің құрылысынжүргізу мақсаты мен, Түркістан өлкесінің халқын жаңа салық түрімен қамту керек. Мәселен, Әулиеата уезінде дүнгендердің 103 отбарысы тұрады, олар жер салығын мүлдем төлемейді, солардан салықты өндіріп алса болар еді» [9. 12] - делінген.
   Сырдария облысының Әулиеата уезіне дүнген халқы 1878 жылдан қоныстана бастап, бұл жерлерде, Домной-төбе және Сайлақ ауылдарын қалыптастырды. Қоныстарда 107 отбасы өмір сүрді. Дүнген халқы қоныстанған бұл ауылдарда бір ғана мешіт болып, жергілікті молда, дүнген балаларына мұсылмандық діни ілім үйреткен. Мектепте 8 бен 14 жас аралығындағы 20-25 бала білім алған болатын [9. 19]. Отарлық әкімшілік
орындары дүнгендерді салық төлеуге мәжбүрлеп, Оулиента шіркеуінің
құрылысын уездік әкімшілікке карама-карсы орналаскан базар маңынан салу көзделді [10].
   Шіркеу құрылысына уез әкімшілігі 1890 жылы жергілікті халықтан жиналған 12430 рубль 25 тиын қаражат бөлді. Комитет аптасына бір рет
жиналыстар өткізіп, шіркеудің маңыздылығы Әулиеата тұрғындарын
шоқындыруда маңызды қызмет атқаратынын атап өтіп, сонымен қатар, шіркеу айналасына қоныстанған орыс шаруаларының жексенбіліктерін, яғни қоғамдық жұмыстарын өткізу лагеріне қажетті орын болатынын атаған.
   1898 жылы Әндіжандағы Мамадәли ишан басқарған көтеріліс болып,
оған сырдария облысынан яғни соның ішінде Перовск уезінен де қазақтар
қатысады. Осы көтерілістен кейін, патша әкімшілігі Түркістанның мұсылман халықтарының діни болмысын, рухани өмірі мен жағдайын зерттеуге баса назар  аударды. Отарлық билік орындары мұндай көтерілістердің қайталанбауы үшін, уез аймақтарында тұратын мұсылмандардың ұстанымын зерттеуге кірісті және шоқындыру ісін үдетуге тырысты. Осы мақсатта көптеген шіркеулік және жексенбілік мектептер ашыла бастады. Ал, Қазалы уезінде қыздар мен ер балаларға арналған шіркеулік мектептер қатаң қадағалауға алынып, олардағы тәртіп күшейтілді. Өлкедегі мұсылмандық діни қызметкерлер бақылауға алынып, олардың барлық жұмыстары әкімшілік тарапына бағындырылды…
    1899 жылдың 2 қыркүйегінде Түркістан генерал-губернаторы Сырдария
облысының әкімшілігіне, Қазалы уезі тұрғындарының мұсылмандық
ұстанымын зерделеуге және соның корытындысын дайындауға арнайы
тапсырма берді. Жоғары басшылықтың бұйрығына орай, Қазалы уезінің
әкімшілігі «Қазалы уезіндегі мұсылман халқының рухани жағдайы» атты
мәлімдеме дайындады. Онда: «Қазалы уезінің көшпелі қазақ халқы
арасындағы мұсылмандық діни ағымдар, Фергана және Самарқан
облыстарының отырықшы халықтарына қарағанда айқын көрінбейді.
Көшпелілер туралы толық мағлұмат жинауда қиынға түседі, өйткені олар
бөлек-бөлек көшіп жүреді. Көшпелі қазақ халқының өмір салты, отырықшы
мұсылмандардан ерекшелеу болғандықтан, жергілікті халық мұсылмандық
діни басшылық құрамы мен ұйымдастырылуы туралы біле бермейді, бірең-
сараң адамдардың ғана мұсылмандық діни ағымдардан хабары бар. Бірақ
барлығы өздерін сунниттер екенін біледі. Мұсылмандардың түрік сұлтанын
жақтауы, христиандардың саяси ұстанымына қайшы келеді. Осы себепті
мұсылмандықты басқа саяси ағымдар секілді мейлініе шектеу керек, өйткені
ол дінге сиынушылардың барлық ой-арманы мен мақсаты біздің
мемлекеттілікке қылмысты болып келеді» [11. 34] - делінген.
  Алаш қозғалысы басшыларының бірі, қазақ халқының біртуар перзенті
М. Дулатов, Ресей империясының жүргізіп отырған бұл саясатына ашына
былай деп жазды: «Енді патша шенеуніктері біздің дінімізге, атадан мұра
болып келе жатқан әдет-ғұрпымыз ға тиісе бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» [12. 38].

Оңтүстік Қазақстан өңірінде XX ғасырдың бас кезінде бірнеше шіркеу
Түркістан мектептері ашылды. Мәселен, 1913-1914 жылдардағы епархиясының есебі бойынша: екі мектеп ашылған, біріншісі - Шымкент
уезіне қарасты Арыс ауылында, екіншісі - Арал теңізіне жақын Мойнақ
ауылында. Арыстағы мектеп 1913 жылы 1 желтоқсанда ашылып, мектептегі
діни дәрістерді дін қызметкері Алексей әкей беретін, ал қалған сабақтарды
Моисей Заграфский өткізетін. Мектепте жалпы саны 50 оқушы білім алып,
олардың 26 ер, 24 қыз бала болды Бұл оқу орындарына негізінен Арыс
маңына қоныстанған орыс шаруаларының балалары оқыды. Кейінгі жылдары бұл мектептерге қазақ балаларын көптеп тартып, оқыттырды.
   Түркістан өлкелік епархиясының тікелей қамкорлығымен және басшылығымен ашылған шіркеулік мектептер бір немесе екі сыныптық еді.
ХХ ғасырдың басында өлкеде 85 шіркеулік мектеп өз қызметтерін атқарған.
Олардың 3-і ер баларға арналса, 21-і қыз балаларына, қалған 61-і аралас
мектептер болып құрылды. Статистикалық мәліметтер бойынша шіркеулік
мектептердің ең көп ашылған аймағы Жетісу облысы болса, ол Сырдария
облысында бар болғаны алты шіркеулік мектеп ашылды [11. 84].
   Әулие Синод бұратана халықтарының қыздарын православиялык рухани
ұстанымда тәрбиелеу керектігіне әрқашанда баса назар аударды. Орыс
халқының қыз балалары мен жергілікті халық өкілдерінің қыздарын
араластырып білім берудегі мақсаттары: «Болашақ ұрпақтардың аналары әрі
тәрбиешілері ретінде, қыз балаларға ер балалардан кем түспейтін «керекті»
білім беру, әсіресе түзе м халқының кыздарына» [11. 29] - деп, кейін олар өз
балаларын осы діни сенімде тәрбиелейді деген ой болатын.
 

Пайдалынылған әдебиетер

Садвокасова.З.Т Русификаторская политика царизма в области образования нерусских народов. // Отан тарихы 2008. №1. С.90-99

Казахско-Русское отношение в XVIII-XIX веках (сб документов и материалов)-Алматы : Наука.1964-575 с

Несипбай К.Р Колониальная политика России и религиозная ситуация в Казахстане в середине XIX и в начале XX вв . // ҚазҰУ хабаршысы , Тарих сериясы , 2007. №2(45)-С.90-94.

 Жақыпбек С.К из  историй обучения казахской молодежи при царизме // Вестник КазГУ Серия историческая -1999 №13-С 54-59.

Мырзахметов Қазақ қалай орыстандырылды – Алматы Атамұра , 1993-127б.

Жаркенова А.М Население Казахстана по первой всеобщий переписи 1897 г. (демографический анализ)автореферат … к.и.н- Алматы 2002-32с.

Қазақ газеті Құрастырған Ү.Субханбердиевна және т.б-Алматы :  Қазақ эндиклопедиясы 1998-560б.

Кеменгерұлы Қ. Қазақ тарихынан –М: СССР халықтарының кіндік баспасы , 1924-66б

Саидбаев Т.С Ислам и общество (Опыт историко-социального исследования). Издание второе дополненное- М.,1984-301с

Қазақстан тарихы-3 том. Алматы,2002-766б

Султангалиева А.К Ислам в Казахстане: история, этничость и общество – Алматы:КИСИ 1998-188с

Дулатов М шығармалары –Алматы ,жазушы ,1991-384б.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз