Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ КУРСТАРЫ ТЫҢ СЕРПІЛІС БЕРУДЕ


(Менің курстан алған әсерім)

Қалжанова Бақтыгүл Ибрагимқызы

Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы,
Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре білуінде.                                                                                                                                                                            
  Жаңартылған  білім беру мазмұны– әлемдік білім кеңістігіне өту жағдайында келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр, мақсаты- бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған білімді, заман талабына сай маман дайындау. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жағдайымен  салыстырғанда, осы бағдарламаның арқасында балаларға беретін білімде бірізділік болады деп ойлаймын. Сондықтан сабақта оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыруда қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер, стратегиялар, мақсатты жоспарлау нәтижесінде мектеп оқушылары  қазақ тілінде өз пікірлерін  өмірмен байланыстырып жеткізе алады және сын тұрғысынан ойлана алады деп үміттенемін.  Мен мектепте  осы жаңартылған білім беру бағдарламасын курсын оқып келген әріптестерімнің сабақтарына қатысып, пікір алмаса жүріп,   курсқа баруды армандадым. Сол арманым орындалып,  қала орталығына  жол тарттым.   

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шебер орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы  № 264 Тәкей Есетов атындағы орта мектебі базасында   2019 жылдың 03 маусым мен 28  маусым аралығында  «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрларды біліктілігін арттыру курсы бойынша  облыстың әр ауданынын келген 27 мұғалім білімімізді жетілдірдік. Бұл бізге жаңа ізденіс жолына мүмкіндік бере отырып, үлкен жаупкершілік жүктейді.

       Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне де талап кеңінен қойылуда. Бұл курста барлық әдістемелік жұмыстар ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдауға бағытталған. Бізді алғаш курсқа келген күннен бастап, ақжарқын  білімді ПШО менеджер – әдіскері  Раймкулова  Жанат Таңатарқызы жылы шыраймен қарсы алды. Осындай тренеріміздің Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өткізілетін «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен ерекшеліктерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын таныстыра отырып, критериалды бағалауды және мұғалімдердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды, тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, тиімді сұрақтар қоя білу, критериалды бағалау, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспар,  дескрипторларды  құра білуді, модерация ұғымын, жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру, жоспарлау туралы кеңінен үйреніп, мәліметтер алдық.                                                                                                                  
     Курс тақырыбы бойынша тренеріміз біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары екендігі бірден байқалды.                         Курстың 1-4-күндер жаңартылған оқу бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесімен таныстық.  5-20-күндері  оқу бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік), ықшамсабақтар,өзіндік рефлексия және тәжірибе жүзіндегі жаттығуларлар жүргіздік. Әр тапсырманы топта бірлесіп, бір-біріміздің ойымызбен бөлісіп, пікірлесіп, оны талқылап, сосын ортаға шығып жұмысымызды қорғай білдік.  Осының бәрі ұйымшылдықтың арқасында. 4 апталық курс мен үшін өте тез өтті.  ...«Ат аунаған жерде түк қалар» демекші, курсты жақсы көрсеткіштермен тәмамдадық. Жаңа оқу жылынан басталатын 12 жылдық білім беру мазмұнында ұстаздарға артылар жүктің ауыр екендігін сезінгендейміз. Мәліметтер жаңаша,  жақсы,  ынталандырарлықтай болды.                                                                                          Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені  әр ұстаздың жадында болуы тиіс. Сондықтан мақсатын ашатындай тиімді әдіс-тәсілдерді әр сабаққа ықпалдастыра отырып құруды SMART арқылы нақты, қолжетімді, шынайы жоспарлау негізінде өзгертулер енгізу керек екендігін аңғардым. Сабақ жоспарының балаға бағытталып БЛУМ жүйесімен жүйелі түрде қайта құрылып, өз тәжірибеме қайта түзетулер енгізу керек екендігін түсіндім. Тренеріміз айтқандай, ықшам сабақтарда әдіс-тәсілдерді көрсету маңызды емес екен, маңыздысы сабақтың мақсатына сай нәтижеге бағытталған тапсырмаларды тиімді стратегияларды қолданып өткізу керек екенін түсіндім.

  Әдіскеріміздің талап қоюының арқасында мен неге қол жеткіздім:

  • Оқу бағдарламаларының мазмұнын, мақсаты мен міндетін білдім және түсіндім;
  • Жаңартуды жүзеге асыруға қажет икемділік пен дағдыларды меңгердім;
  • Критериалды бағалау жүйесін түсіндім және практикада қолдана аламын.
  • Саралау тапсырмаларын оқушының қабілетін, қызығушылығы, қажеттілігін ескере отырып дайындау керектігін үйрендім.

Нәтижесінде: Осы меңгерген білімімді практика жүзінде қолданып, тәжірибемді одан әрі жетілдіруге мүмкіндігім мол.                                                      
    Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы нәтижелі білімге қол жеткізетіні белгілі. Олай болса, мақсат айқын, осы мақсатқа жетуде талмай еңбектену нәтижесінде білімді ұрпақ тәрбиелеуге атсалысамыз деп сенімді түрде айта аламыз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз