Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Кітапсыз үй- жансыз тәнмен бірдей


«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» ,- деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, көп оқыған адамның білетіні соншалықты жоғары болады. Кітап бетін ашпаған, қойнына қыспаған адам өмірде бос сандалып жүргенмен тең. Егін мен шөпке жаңбыр қандай қажет болса, адамзат үшін де оқу мен білім сондай қажет болады. Бұрынғы үйлерде кітап сөрелері кітаптан арылмай, қалағаныңды тауып алатынсың. Беттерін ашқаннан тәлім- тәрбиеге толы мәтіндерді оқып сусындап, болашақта қажет болатын сөздерді мәңгі ойда қалдырасың. Қазір кітап түгілі сөренің өзін кей үйлерден байқамаймыз. Сондай кезде үлкендеріміз еш жасырмастан бір күрсініп қалады.

Бұрындары әріп танып, оқи алатын дәрежеге жеткен бала «ертегілер әлемінен» бастап басқа да әдебиет кітаптарын екі шынтақты тіреп қойып, тұрмастан оқитын. Оқыған ертегісін достарына болмаса қарындас- інілеріне баяндайтын болған. Тіпті ескі қазақ фильмдерді қарасақ, ондағы баланың бесіктен бастап тәрбиесіне толықтай мән берілген көріністер жиі көрсетілген. Ол кезеңде қазіргі замандағыдай интернет және техникалық құралдар жоқ. Сол себептен бала атасының өсиеті мен әженінің әндерін естіп өседі. Мектепке барар шағында білімге деген құлшынысы жоғары болады. Сыныптас достарымен кітапханадан шықпай, түрлі тақырыптағы кітаптарды жарыса оқып, басқалардан озық тұруға тырысатын.

Ал, қазіргі заманға тоқталатын болсақ, біраз дүниенің алыста қалғанын байқаймыз. Сол замандағы жастар мен бүгінгі күннің жастарының айырмашылықтары да жер мен көктей. Үйдегі ата- әжеміз кезінде былай жасайтын едік деп қазіргілерге киіп қалғанда, сол кісілердің жастық дәуренін толықтай білгіміз келеді. Иә, жас болсақ та балалық дәуреннен өміріміз түрліше өзгеріске ұшырап, барынша дамып келеміз. Дегенмен де, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ата- әжеміз бен аналарымыздың жасаған істерін ұмыт қалдырғанымыз дұрыс еместігін аңғарамыз.

Мектеп оқушысы болған шағымда пән мұғалімдерінің тапсырмаларын орындауға кітапханаға жиі баратынмын. Бір- бірімізге ескертіп, бәріміз сынып болып баратын кезімізде есімде. Ең қызығы үй тапсырмасын жасап біткен соң, түрлі кітаптарды оқуға мүмкіндік жетерлік. Қазір, кітапхана маңынан өтіп бара жатқанда сол шағым есіме түсіп кідіріп қаламын. Себебі, ол жақтың есігін ашатын оқушылар саны азайып барады...

Азиза Құнанқараева

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз