Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазіргі таңда білімсіз жастар жоқ


Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ, бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық - ұлы нәрсе. 

Зейнолла Қабдолов


Ұстаз болу әр адамның қолынан келе бермейтін, тек білім алу үстінде жүріп шындалатын мамандық. Өзінің ісіне немқұрайлы қарап, дұрыс білім бермесе маңдайынан кетпес сор болатыны да анық. Бір ғана емес бүкіл сыныпты баурап алатын жүрек, жалпыға жағатын сөз, бәріне әдемі естілетін үн және тайға таңба басқандай жазу керек. Сонда ғана баланың мектепке барғысы келіп, ұстазын көруге асығып тұратын, жарысып сабақ оқитын сәтке кенеледі. Алдымен өзін сыйлата білген ұстаздан білімді әрі тәрбиелі шәкірт өсіп шығары сөзсіз. Осы тұста Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орақова Зағипа Дастанбекқызының қызметтік жолымен танысқан болатынбыз.


-Жоғарғы оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналастыңыз ба?

-Әр тұлға оқуын тәмамдаған соң ата-анасының еңбегін қайтару үшін бірден жұмысқа орналауды армандайды. Бала күнінен жанына не керек болса, соны бар қылған әке-шешесіне маңдай термен тапқан нанын жегізу перзент үшін парыз. Мен де өзгелер секілді арман еткен мамандығымды иеленген соң, Қызылорда қаласындағы № 6 мектеп интернатына тәрбиеші мамандығы бойынша жұмысқа орналастым. Ол жақта  жыл көлемінде жұмыс жасап, көптеген сатылардан өттім.

-Өз ұстаздарыңыздың арасында кімге еліктейсіз?

-Мектебіміздегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алшоразова Роза Кенішбайқызына еліктеймін. Мен үшін білікті басшы, үнемі ізденіс үстінде жүретін білімді ұстаз. Қарапайымдылығымен қарамағындағы мұғалімдерге өзінің тәжірибесімен бөлісіп, берген тапсырманың тиянақты орындалғанын қадағалайды. Сол кісінің жолын, мінезі мен бойына біткен қасиетін берсе орта жолда қалмайтын мұғалім болатыныма сенімдімін. Әрдайым жасаған жұмыстарымен танысып, ортада сөйлеген сөзіне тамсанатын жанның бірі менмін.

-Осы уақытқа дейін білім бәйгесінен қандай жетістікке жеттіңіз?

-Әрине, оның бәрін айта берсек санынан жаңылысатын болармыз. Ұстаз білім берумен қатар өзі ізденіс үстінде жүретін жан. Кей іс- шараларға оқушыларымды бейімдеп, жеңіп шығуына себепші боламын. Ол да үлкен дайындық пен шыдамдылықты қажет етеді. Оқушының сабақ тыс уақытын сәл пайдаланып, шаршатып алмауды ойлап, озып шығу тәсілдерін көрсетіп, байланыс орнатамын. Шүкір, өзімнің де оқушыларымның осы күнге дейін жеткен жетістері жетерлік.

2019 жылы"Бейбітшілік әлемі" Ұлы Абай Құнанбаевтың175 жылдығы құрметіне арналған МӘҢГІЛІК ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ ғылыми жобасы бойынша І дәрежелі диплом.

2020 жылы Алматы қаласы BILGEN  сізге,"Bilge" халықаралық инновациялық шешімдер орталығы ұйымдастырған Ұлттық BILGEN  олимпиадасынан диплом.

 

-Қазіргі таңда, қашықтықтан  оқуға деген жұмыс қалай жүргізілуде және қаншалықты дайынсыздар ?

-Қашықтықтан оқу жүйесі басталғанда әрине қорқыныш пен қобалжу болды. Өзіміз толық түсіну үшін біраз ақпараттар мен жаңалықтарды жіберіп алмауды көздедік. Сонымен қатар, үйде отырып- ақ онлайн түрде әріптестермен сөйлесіп, білмегенімізді үйрендік. Содан кейін ата- анамен байланыс орнатып, жеке баланың материалдық жағдайына байланысты жәйлап жұмысымызды жасай бастадық. Білімді бағалау да бақылауда бұрынғыдан бөлек болды. Бұл жүйеде оқушыларым қалай білім алады деген сұрақ көп мазалады. Алайда, біз ұстаздар қауымы мектепте кітаптың айналасынан ұзап шықпайды екенбіз. Кейде осы онлайн оқуға көшкен де ғана өзімді одан әрмен дамыттым деген ойға келемін. Оқушыларым жаңа тақырыпты жақсы түсінуі үшін бірнеше платформа пайдаланып, түрлі сайттарға кіру арқылы оңай жолдарын тауып ұсынып отырдым.

-Заманауи ұстаздың ұстанымы қандай?

-«Бала-болашағым» деген елміз. Сондықтан да, біздің алдымызда ұлы міндеттер тұр. Ұстаздар қауымы кейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу жолында баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен қатар алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе білетін,бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Осы кішкентай балалар үшін осы ұстанымды естен шығармай, өзімнің білімімді бір орнында тоқтаптып қоймай, әрмен қарай шыңдалуға тырысамын. Себебі, алғашқы қалам ұстатқан және әріп үйреткен ұстаздың басқа әріптестеріне қарағанда жауапкершілігі мол. Оқушының сыныбы жоғарлаған сайын, алғашқы ұстазының қалай білім бергендігін байқауға болады. Сол себепті әр оқушымның алғашқы басқан қадамы мен жазған жазуын көркем еткім келеді



-Жаңадан оқу бітіріп, мұғалім болып жатқан жас мамандарға көңіліңіз толады ма?

-Қазір мектебімізге жас маман ретінде келіп жатқандар саны көп. Адам бәріне бірдей бірден қол жеткізбейді. Өзінің алдындағы білікті мамандарды көріп, сол кісілердің қағидасымен жүру арқылы өзіндік талаптарын ақырын қоя бастайды. Өзімде сол кезеңнен мамандығыма деген сүйіспеншіліктің арқасында сүрінбей өттім. Еңбек өтілі бар мұғалімдермен тәжірибе алмасу арқылы білімін жетілдіреді деп ойлаймын. Сондай ақ, қазіргі таңда білімсіз жастар жоқ деп есептеймін. Қазір жұмыс жасаймын және оқимын дегендерге мүмкіндік жетіп артылады. Түрлі курстарда осы жастарымыздың болашағы үшін жасалынғаны сөзсіз. Мектепке келіп жатқан тәжірибе жинақтаушыға сұрағандарын айтып, жол көрсетуден жалықпаймын.

-Оқуға қайта тапсыру мүмкіндігі берілсе мұғалімдіктен бөлек қандай мамандық иесі болар едіңіз?

-Егер де сондай мүмкіндіктің иесі болсам ойланбастан ұстаз болуды қайтадан таңдар едім. Шын ұстаз - ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін, шәкірттерінің жетістігіне қуана білетін мамандықтың шынайы иесі болу мен үшін үлкен бақыт.

Азиза Құнанқараева

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз