Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Онлайн оқу - жауапкершілікті арттырады


Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 

Ахмет Байтұрсынов


 

         Шәкірт өзінің білім алған ұстаздарын әрдайым есте сақтап ұлықтауы тиіс. Сонда ғана ұстаз алдындағы үміті ақталып, жетістіктерінің саны артары сөзсіз. Сол секілді мен де өзімнің білім берген, бойыма тек қана жақсы дүниені дарыта білген, титтей талантымды аша білуге жол көрсеткен ұстазым - Ахметова Алтынай Жанабайқызымен сұқбаттасқан болатынмын. Алтынай апайымды көрген бойда сәлемдесіп, жағдайын біліп жазып тұруды ұмытқан емеспін. Кезінде іс- шаралардан қалдырмай, көпшіліке үйрене берсін, үлкен зиялы кісілерді көрсін деп барлық жерге апарып жүретін.Ал, қазіргі таңда ұстазым педагогика ғылымдарының магистрі. Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және педагог-сарапшы қызметтерін абыроймен атқарып келе жатқан мұғалім.


-Алғашқы еңбек жолыңызда қандай қиыншылықтарды бастан өткердіңіз?

2013 жылы «Жас маман» болып алғаш М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж оқытушысы болып еңбек жолымды бастадым. Әрине, қиыншылықтар болмады деу жалған болары анық. Бірақ, мамандығын сүйіп, беріле жұмыс жасаған жан қалай болса да алдынан шыққан кедергілерді итеріп тастап, алға басады. Сол қиыншылықтарды жеңу үшін тәжірибелі ұстаздарымнан сабақ алдым. Мамандығыма деген шексіз махаббатымның арқасында кездескен мәселелерге төтеп беріп, болашаққа қарай нық жүріп ұстаздық жолдағы қызметімді және өз тәжірибемді шыңдай білдім.

-Білім саласында қандай жетістіктерге жеттіңіз?

Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін біраз жетістіктерді иеленіп келемін. Шәкірттерімді түрлі байқауларға дайындап ,биіктен көрінуге аянбай еңбек етіп келемін. Бұл әрине мұғалім мен оқушының арасындағы мықты байланыстың арқасында кез келген қамалды бұзуға болады деген сөз.

2017 жылы Алғыс хат- «Нұр Отан » партиясы Қызылорда қалалық филиалы Төрағаның бірінші орынбасарының марапаты.

2018 жылы Құрмет Громатасы- Қалалық білім бөлімі.

2018 жылы ІІІ дәрежелі Диплом –«Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы қазақ тілі пәнінен «КИО» қашықтық олимпиадасының жеңімпазы.

2019 жылы Құрмет Громатасы- BILGEN BAIGE олимпиадасына жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін.

2019 жылы BILGEN BAIGE республикалық олимпиадасынан Нұржан Үміт «Білген бала» бас жүлде иегері атанды. Сертификат 200 000


-Жалпы ұстаз болудың жақсы және қиын тұстары қандай?

Ұстаз болу- кез келген адамның қолынан келмейді деп ойлаймын. Ұстаз бейнесі- шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. «Ұстаз болу -өз уакытын аямау, өзгенің уакытын аялау»,- деп Жан Жак Руссо айтқандай ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаз болу - жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу-шәкіртке ата-анасындай тәрбие беру. Ұстаз болу- жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Ал ұстаз болудың қиын тұстарын жеңе білген жанға ұстаздық өмірдің қиындығы болмайды деп ойлаймын.

-Кімдерді үлгі тұтасыз?

Негізі адам баласы көп жерді көріп, көпшілік арасында жүрсе айналасындағы барлық адамның бір қасиеті болса да жағымды екенін байқайды. Әрине, сол мінезді өзіне алғысы келіп ұқсағысы келетіндер де баршылық. Ұнаған қасиетін болмаса мінезін басқаға үлгі етіп айтып жүреді. Өзім ақынжанды адам емеспін. Дегенмен де,  өлең оқығанды жаным сүйеді.  Тіл маманы болған соң әдебиетке едәуір жақынмын. Әлемге аты мәшһүр-Абай шығармаларын жақсы көремін және бағалаймын. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағы-жастардың бойына қазақтың қара сөзінің қасиетін дарытып, ұлт тілін ұлықтауға арнаған ұлағатты ұстаз-Ділдахан Торғаева Торғайқызын үлгі тұтамын.

-Онлайн оқу жүйесіне көзқарасыңыз және қиындықтары қандай?

Еліміздегі ахуалға байланысты қашықтықтан оқу жүйесіне көштік. Әрине, алғашқы кезде мұғалім мен ата-анаға және оқушыға да оңай болған жоқ. Онлайн оқу -оқушының жауапкершілігін арттырады. Мұғалімнің де бұрынғыдан қарағанда ізденістері көбейеді. Әр түрлі бағдарламаларға сүйене отырып, оқушыға жеңіл әрі тиімді түрін таңдап алу үшін жұмыс жасалады. Оқушының онлайн оқуға немқұрайлы қарамауын ескерте отырып, білімдері төмендеп кетпеуін қадағаланады. Бүгінде, осындай жұмыстардың бәрін қарастырып, жаңа оқу жылына дайынбыз деп айта аламын.

-Әр мұғалімнің бойында болуы керек үш қасиетті атап өтіңізші ?

1.Еңбекқор ,Әділ. 2. Өз мамандығының шебері. 3. Жаңашыл.



Міне, осылайша Алтынай Жанабайқызына білім саласына қатысты сұрақтарға жауап алып, алдағы оқу жылына сәттілік пен шыдамдылық тілеймін.



Азиза Құнанқараева

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз