Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Директор- мектептің басты тәрбиешісі







Мектеп директоры- мемлекеттің жұрт сенген өкілі. Біз мұғалімдерге ең аяулы ұл- қызымызды тапсырамыз. Ал, мұғалімдер мектеп директорының жетекшілігімен сол аяулыларымызды тәрбиелейді.

Ағарту ісінің қайраткері

Мектеп директоры оқушының да мұғалімнің де нағыз айнасы. Олай дейтін себебіміз мектеп ішіндегі болып жатқан процесс басшыға тікелей қатысты. Оқушылары жоғары деңдейде білім алып, жақсы жетістіктерге жетсе ең алдымен мектебі мен директорының мәртебесі көтеріледі. Шәкірт алдынан шыққанда жүзі күліп тұратын, жүрегі мен құшағы мейірімге толы мектеп басшысы өзін әрқашан сыйлата біледі. Ал, қабағы ашылмай, бала көрсе сыныпқа кір деп ұрса жөнелетін ұстаздың сыйы қалмайды. Бүгінгі сұқбатта сөз еткелі отырған мектеп басшысы қашан көрсең жылы жүзін жасырмайтын, әр баланы өз баласындай санайтын, келген шаруаны жақсылап тыңдайтын № 172 орта мектептің директоры Садуова Майра Өмірзаққызы.


-Қарамағыңыздағы мұғалімдерге деген көңіліңіз толады ма? Жалпы оларға көзқарасыңыз?

Басшы болып тағайындалған соң барлық мұғалімдерге қарайлап отырамын. Мектепте барлығы бірдей жастағы ұстаздар емес. Яғни, жас шамалары әр түрлі. Сондықтан, үлкенін сыйлап, өзіммен қатарласты түсіне отырып, кішіге қамқор болуға әркез тырысамын. Қонаев Дінмұхаммед атамыздың «шебер тәрбиешіге әрқашан сый- құрмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда да жас ұрпақтың тағдыры, бүкіл халықтық зор ісіміздің тағдыры, педагогтар қолында. Біздің жас жеткіншектеріміздің табанды, сенімді, еңбек сүйгіш, ер жүрек және адамгершілік қасиеттерге бай болуы көбіне педагогтарға байланысты» деген даналық сөзіне мән берсек, адам бойында табылуға тиісті мінез-құлықты әр оқушыға дарыта білетін мұғалімдерді қатарыма қостым деп есептеймін. Қазір оқу бітіріп, жас маман болып жатқандар да қаншама. Барлығы да жұмысқа тұрған соң, сатылап өсті. Жастарға да мол сеніммен қарап, болашақта мықты маман болып кетеді деп санаймын.


-Қызметте үлгі тұтуға әбден лайық ұстазсыз. Сіздегі мінез бен қасиет кімнен дарыған?

-Мінез –адам бойындағы қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Осы қасиеттер мен ерекшеліктер әр кезде әртүрлі қатынастарға байланысты байқалады. «Адамға үш адамнан алуан  мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» -деп Абай атамыз айтқандай жақсы мінезім – бүкіл өмірімнің сарқылмас байлығы. Бойымдағы сарқылмас байлығым  мен қасиеттерім бірінші кезекте Алладан, сосын ата-анам мен тәлім-тәрбие алған ұстаздарымнан болса керек. 

 

-Жалпы бұрынғы білім мен қазіргі күннің білімнің айырмашылықтары жер мен көктей. Соны ашып айтып бере аласыз ба?

«Халықтың бірқалыпты өсіп, өркендеуі үшін ең алдымен бостандық пен білім қажет»,- деп Шоқан Уәлиханов айтып кеткендей білімді болғанда ғана жақсы жетістікке жетіп, жұмыс деңгейі көтеріледі. Бұрынғы кез бен қазіргі күннің білімі әжептәуір көп. Мысалы: оқулықтардың біршамасына өзгерістер енгізіліп жаңа әдістермен білім берілуде. Көбіне әлеуметтік желі арқылы кітап оқылады.


-Өзіңіздің жас кезіңдегі мен қазіргі ұстаздың ұстанымы қандай болды. Өзгеріс енгізілді ме?

-Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: -Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.

 

-Бала тәрбиесі мен біліміне жауапкершілікті арттыру үшін қандай қағиданы ұстанасыздар?

-Бүгінгі күні бала тәрбиесі мен білімін дамытуға бағдарланған ізгілікті, шынайы бүкіл адамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруда ірі-ірі қадам жасалынуда. Баланың білімі мен тәрбиесі ұштастыру бағытында мұғалім мен ата-ананың рөлі өте зор. Отбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».

 






-Онлайн оқу барысында ата-анамен байланыс орнату қалай жүргізілді? 

-В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Білім беру саласы үшін қашықтан оқыту – дамудың жаңа кезеңі болып отыр. Қашықтан оқытудың әдістемесін пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


-Кейінгі ұстаз боламын деушілерге айтар ақылыңыз?

-Ұстаз болу – жүректің батырлығы 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау- басты борышымыз екендігін айта кеткім келеді.

 

-Бала Майра ұстаздықтан бөлек, кім болуды армандады?

- «Ұстаздық өзім ғана емес, өз білгенімді барлық адам баласына білгізуім, таратуым керек деген нағыз мамандық»,- деп С.Мұқанов айтпақшы мұғалім болу үшін бала кезден талпынып, арманына қанат бітіруі тиіс. Мен де кішкене күнімнен осы салада жұмыс жасауды қалайтынмын. Уақыт өтіп, өз таңдаған мамандығыма түскен соң менен бақытты жан болмады десем артық айтқаным емес. Міне, бүгінде сол бала тілегім орындалып, адал еңбектің дәмін татудамын.


-Бүгінде онлайн оқу жүйесі жалғасып жатыр. Бұған оқушылардың әлеуметтік жағдайы толық қарастырылған ба?

-Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтан оқуға көшті. Тек оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымына да таңсық форматтағы онлайн оқу әдісі алғашында көңілге үрей ұялатқаны рас. Сонымен қатар оқушыларымыздың әлеуметтік жағдайына байланысты бір үйде бір смартфон ғана бар отбасылар да болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында да оқушылардың әлеуметтік жағдайлары қарастырылып, мектеп тарапынан және демеушілер тарапынан планшет, компьютерлер берілді.

 

Азиза ҚҰНАНҚАРАЕВА

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз