Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Мұғалім-бір дәуірді ұйымдастырушы


Ең жақсы мұғалім дүниедегінің бәрінен қымбат бағалаймын. Халық мектептері үшін мұғалім- бар нәрсенің кіндігі.

Ы.Алтынсарин 

«Кім жақсы оқытса, ол тәртіпке де бағындырады» ,- деп К.Д.Ушинский айтқандай оқушыға берілетін білім кірпішін дұрыс қалау ең алғаш қолға қалам ұстатқан ұстазға қатысы зор. Себебі, мұғалімнің білім деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты оқушы да үздік әрі сапалы білім алып шыға алады. Өзі түсіндіре алмаса, бір ғана оқумен шектеліп басқа курстарға қатыспаған адамнан мықты ұстаз шығады деп ойлау қате. Одан шыққан шәкірттер де жоғарғы сыныпқа көше келе қатты қиналары сөзсіз. Сол үшін баланың болашағы алғашқы ұстазға байланысты. Қазіргі кезде өмірінің жартысын бала оқытуға арнаған оқытушыларымыз жетерлік. Соның бірі Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп- лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Рахима Несіпбайқызының білім жолындағы жылдарымен танысып, сұқбат құрған едік.

-Бұрынғы түлектер мен қазіргі оқушылардың қандай айырмашылығы бар? Мұғалімді сыйлау жағынан қандай сатыда тұр?

Менің ойымша барлық балалар бірдей. Қазіргі кездегі оқушылар техникалық құралдардың дамуына байланысты тың материалдарды тауып, білсем, оқысам деп тұрады. Ал, бұрыңғы оқушылар кітапхандан шықпайтын, кітаптармен білім алмасатын және айтқан тапсырманы ұмытпайтын жауапкершілігі мол оқушылар болатын. Мұғалімді сыйлау сатысы ең жоғарғы саты деп есептеймін.

-30 жыл еңбек өтіліміңізде қандай қиындықтар мен қызықтарды бастан өткердіңіз?

«Ұстаз- ұлы тұлға» дегенді бұрынғы уақыттан бері мағынасын түсініп, қадірлеп келеміз. «Бір әріп үйреткен ұстазға 40 жыл салем бер деген». Ұстаздық өмір- қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Бастауыш мұғаліміне баламен жұмыс жасау өте қызық. Ол жастағы балалар періште секілді өзгеге арамдығы болмайды. Айтқан тапсырманы шын көңілмен орындап, болғанша асығады. Өткен тақырыпты жеткілікті деңгейде түсінсе  үй тапсырмасын айтқанша тағатсызданады. Ал, ол сабақты меңгере алмаса үнсіз қарап отырады. Содан ақ оқушылардың қандай дайындықпен келгенін байқаймыз. Мен үшін қызық кезеңдер оқушылардың  үлкен жетістікке жетіп өз арманына жеткендігі. .Дәуренбекова Фарида есімді оқушым өте жақсы оқып Англияда білім алып, маған хабарласып, «сізді ұмытпаймын, сіз үшін басымды ием үйреткеніңіз  көп»,- деп хат алысып тұрады. Медициналық институтты бітірген оқушым Қанат атты оқушым дәрігер мамандығын оқып, қазір жұмыс жасап жатыр .Оқытқан оқушымыз жетістікке жетсе біз соған қуанамыз Үздік мұғалім деген төс белгісін алдым. 2019 жылы тегін жолдаманы иеленіп, бір аптаға Астана қаласына демалып қайттым. Бұның барлығы еңбегім мен маңдай терімнің жемісі.

-Ұстаз деген сіз үшін кім?

-Ф.А.Дистерберг «нашар мұғалім шындықты қолға ұстатады, жақсы мұғалім оны таба білуге үйретеді » деген. Міне, мен де осы бір даналық сөзбен толықтай келісемін. Оқушыны оңай жолмен жүруді емес, өзі зерттеп ізденсін деген ұстаз нағыз өз ісінің маманы.


-Ата- анамен қарым- қатынаста неге мән бересіз?

-Ата ана, оқушы және мұғалім үшеуі тығыз байланыста болса барлық мәслелер оңтайлы шешіледі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталады. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр- сырын меңгеретін ұлық тұлғалар. Ұстазымыз болмысындағы бар қасиет, құрметін, өмірден санасына түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады, шабытын шыңдайды. Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып олардың қабілетті шәкірт болып, үлкен биіктерден көрінуін қалайды. Жәния сіздей ұстаздың шәкірті болғанына шын жүректен қуаныштымын. Сіздей ұстаздан білім алып болашығы жарқын болатынына кәміл сенемін» деп шәкіртімнің анасы пікір қалдырыпты. Тағы бір айта кететін жайт Қалжанов Асылжан Ғалымжанұлы атты оқушымның өзімен қатар, әкесі Бұрқанов Ғалымжанға да білім бергенмін. Осылайша ұрпақтар сабақтастығы жалғасын табуда. «Әке- бала жүрегі» деген сайысқа қатысып ІІ орынды иеленіп, риза болып қайтты. Міне, осы пікірден-ақ ата- ана сенімінен және көңілінен шыққандығым деп білемін.

-Оқыту барысында оқушыңыздың көңі- күйіне қаншалықты мән бересіз?

Қорыта келгенде қазіргі пандемияға байланысты уақытша қашықтықтан оқыту әрине оңай емес. Баланы көзбен көріп түсіндірмеген кейін және өз ойларын естімеген соң бізге ол қиынға соғады. Дегенмен сабақты видео қоңыраулармен немесе «zoom» бағдарламасымен  түсіндіргенде ғана байқауға тырысамын. Сонымен қатар сабақ соңында орындалатын кері байланыстан да баланың көңіл-күйін аңғаруға мейлінше көңіл бөлемін. Оқушының көңіл-күйі сабаққа тікелей байланысты. Сол себепті сабаққа келген оқушыларыма толықтай мән беріп алып, барлығы жақсы болғанда ғана жұмысымды бастаймын. Ал, ауырып немесе көңілі болмай тұрса ата-анасымен байланысып, дәрігер көмегіне жүгінемін.

-Бұзықтық жасаған оқушыны қандай тәсілмен жазалауды жөн көресіз?

Бұзық бала болмайды оны бұзық қылатын өзіміз. Сондықтан баламен де ата анаман де түсіністікпен қарап, сөйлесе білсең олда сені түсінеді, айтқаныңды орындайды.

-Білім бере отырып тәрбиенің де тыс қалмауын қадағалайсыз ба?

-«Тәрбие- сапалы іс, ең алдымен мұғалімнің саналы ісі» ,- деп К.Д.Ушинский бекерден бекер айтпаса керекті. Сыныпқа кіріп келген әр оқушының біліміне ғана емес, тәрбиесіне де мән беруге әр ұстаз міндетті. Себебі, ата- анадан ұзап мектепке келген оқушы өзін жалғыз сезінбеуі керек. Тек 45 минуттық білім алып ғана қайтпай, ұстаздан да керекті тәрбие нәрімен сусындаса екі жақтан да теңдей тәрбие алары анық. Сол үшін білім бердім болды дегенмен келіспеймін. Сабақтан тыс қоңырау уақытысында да бір баламен болса да сөйлесіп қалуға тырысамын. Бұл оқушыға өте жақсы әсер етеді. Себебі, оқуға ынтасы нашарлау болса, сол күннен бастап жақсы оқуға бейімделуі әбден мүмкін.

-Сұқбат соңында «Ізденіс жолы» журналымызға айтар тілегіңіз.

«Ізденіс жолы» журналына шығармашылық табыс тілеймін. Жаңалық жаршысы болып, ұстаздарымыздың ерен еңбегін бағалай білсе, алғысымыз шексіз, шығармашылық табыс, отбастыларыңызға бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Ең бастысы жаман індеттен басымыз аман өтсін.

Азиза Құнанқараева

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз